Атырау, 25 сәуір 09:32
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Актер Алексей Серебряков Ресей азаматтығынан бас тартты

1 489 просмотра
Ресейдің халық әртісі, актер Алексей Серебряков Ресей азаматтығынан бас тартып, Канада азаматтығын алуды рәсімдеді. Енді ол Ресейге жұмыс визасымен келетін болады, - деп хабарлайды NEWSru.co.il.

Серебряков өз балаларының бейбітшілікте, білімді, еңбексүйгіштікті бағалайтын және "бір-бірін шынтақтан қағуға, арсыздыққа, ызақор болуға, адамдардан қорқуға мәжбүрлемейтін" елде өмір сүргенін қалайтынын мәлімдеді. 

"Ресейде батыс елдерінде адамдардың жасанды түрде күлімсірейтінін жиі айтып жатады. Бірақ маған шынайы ашу-ызадан жасанды күлкі артық. Бізде нағыз құлдық психология! Ал демократия - жауапкершілік. Бізде ең жақсы жағдайда халық өз арасынан біреуді билікке жіберіп жатады. "Міне, сені таңдадық - сен бәріне жауаптысың, мәселенің бәрін шеш" деп. Демократия - білімдердің негізінде қабылданатын шешім. Мен бүгінде адамдардың білім алуға, дамуға, біліктілігін арттыруға, жұмыс істеуге, жауапкершілікті алуға, соның ішінде, ел мен билік үшін жауапты болуға деген жаппай құлшынысын көріп тұрған жоқпын. Құлшынысы барлар - теңіздің тамшысындай ғана", - деп түсіндірді актер өз таңдауын.

"Өркениетті елдің көше идеологиясы - мейірімділік пен төзімділік, Ресейге ол ауадай қажет. Өкінішке қарай, балаларымды қанша оқшауласам да, ашу-ыза мен арсыздықтан қорғай алмаймын. Оның бәрі ауада. Арсыз жеңді", - деді Серебряков.

Алексей Серебряков 50 жаста. Ол "Белая гвардия", "Вечный зов", "Случайный вальс", "Афганский излом", "Плащ Казановы", "9 рота" және басқа да ондаған танымал картинада ойнады.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

30 шілде 2014, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.