Атырау, 19 сәуір 02:44
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Канадада Тимур Бекмамбетовтің жаңа фильмінің әлемдік премьерасы өтті

1 499 просмотра

Әйгілі «Шырша» фильмін дүниеге әкелген продюсер Тимур Бекмамбетов пен режиссер Лео Габриадзенің «Cybernatural» фильмінің әлемдік премьерасы Монреалдағы «Fantasia» кинофестивалінде өтті.

Қорқынышты жанрда түсірілген фильмнің сюжеті бойынша өліп қалған қыз Skype арқылы өзінің сыныптастарымен сөйлесе бастайды. Ондағы барлық әрекеттер компьютер экранында жүзеге асады.

«Cybernatural» бюджеті аз фильм болады, себебі, әлі танымал болып үлгермеген жас актерлер түсірілген деген сынды пікірлер айтылып жатса да, кинокомпания оның бюджетінің 500 мың доллар құрағанын айтып отыр. Ал әдетте бюджеттік шығыны аз фильм деп 20 мың долларға түсірілген туындылар аталады.

«Біз осы фильм арқылы қазіргі қоғамдағы өзекті тақырып - кибертерроризмді ашып көрсетуге тырыстық. Ол ғаламтор желісі арқылы бүкіл әлемге таралуда. Мәселен, қазіргі жасөспірімдердің ғаламтор арқылы жасырын түрде өз қатарластарын үрейге бөлеуі - адамды қорқытудың бір ғана қарапайым түрі», - дейді Т.Бекмамбетов.

Фильмнің халықаралық прокатқа қандай атпен шығатыны жуырда белгілі болмақ, деп хабарлайды Лента.ру. Кинофорум қонақтарының өтініші бойынша бүгін 29 шілдеде картинаның қосымша көрсетілімі ұйымдастырылмақ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

29 шілде 2014, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.