Атырау, 26 сәуір 01:35
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

АҚШ Украинаға қаржылай көмектеспек

1 865 просмотра

АҚШ вице-президенті Джо Байден (сол жақта) мен Украина премьер-министрі Арсений Яценюк. Киев, сәуір, 2014 жыл.АҚШ вице-президенті Джо Байден (сол жақта) мен Украина премьер-министрі Арсений Яценюк. Киев, сәуір, 2014 жыл.АҚШ Украинаға елдің шығысындағы таяуда сепаратистер бақылауынан босатылған аймақтардың мұқтаждығын өтеу үшін жеті миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетпек. Бұл туралы 28 шілде күні АҚШ вице-президенті Джо Байденнің Украина премьер-министрі Арсений Яценюкпен телефон арқылы сөйлесуінен кейін Ақ үй жариялаған мәлімдемеде айтылған.

Ресми ақпаратта көмекке берілетін жеті миллион доллардың ішіне АҚШ-тың Халықаралық Қызыл крест ұйымы мен БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасына медициналық көмек, ауыз сумен қамтамасыз ету және қалпына келтіру жұмыстарына бөлген қаржысы да кіретіні көрсетілген.

Ақ үйдің хабарлауынша, Байден мен Яценюк Украинаның шығысындағы жағдайды, малайзиялық Boeing 777 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы мен Ресейдің сепаратистерге көмек көрсетуді жалғастырып отырғанын да талқылаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

29 шілде 2014, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.