Атырау, 20 сәуір 00:17
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Ұшақ апаты жайлы батыс журналистерінің зерттеуі». «Девальвация құтқармайтын сияқты». «Ресейдің жауабы қандай болмақ?». «Мәулен Әшімбаев: «ИШИМ Ислам мемлекетін құрамыз дегенді де идеологиялық ту етіп көтеріп жүр».

2 690 просмотра

AZATTYQ. ORG       «Ұшақ апаты жайлы батыс журналистерінің зерттеуі» - Мәскеу АҚШ-тың барлау қызметінің бағасын сынап, халықаралық сарапшылар әуе апаты болған орынға жете алмай жатқанда, батыс журналистері «Малайзия әуе желілері» компаниясы ұшағының құлауына қатысты өз зерттеулерін ұсынды.

ALASHAINASY.KZ    «Девальвация құтқармайтын сияқты» - Қазақстанның алтын валюта қоры айтарлықтай азайып, еліміздегі іргелі компаниялар акциясының қор биржасындағы бағалары кері кеткен. Бұл - теңгені әлсіретіп, долларды қымбаттатуға тікелей әсер ететін факторлар.

«Қыздарымыз шетелдіктерге неге "жерік"?!» - Фэйсбук әлеуметтік желісінде айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева парақшасында «ЭКСПО-ның жақсысы жақсы ғой... Бір жаман жері қаптап келіп жатқан шетелдіктердің көбісінің жетегінде қазақтың қыздары жүр...

«Қытайдың дәрісінен көрген құқайым» - Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың жақында ғана өткен Үкімет отырысына арналған брифингте жасаған мәлімдемесі жалпы әлеуметке жайлы тие қоймағаны анық. Өйткені, денсаулығын «басты байлығы» санайтын қазақтың қазір аурудан аманы жоқ екені шындық.

AIKYN.KZ   «Балуанның қыры мен сыры» - Республикалық кітап музейінің қоры биылғы жылы 150 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан, алты алашқа аты мәшһүр, жауырыны жерге тимеген балуан, қазақ цирк өнерінің негізін салушы, Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығы жайлы,  зерттеулер мен естеліктер, деректі көркем туындылар,  сондай-ақ өз өлеңдері топтастырылған тамаша дүниемен толықты.

TURKYSTAN.KZ     «Ресейдің жауабы қандай болмақ?» - «Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі». Ресейге санкция көп, бірақ елеусіз. Әлемдік нарықтағы шикізат пен энергетика көзін қиып тастау – өзге елдердің өз тамырына балта шабуымен бірдей. Елеусіз болса да салқыны бар санкциялар саны артуда.

«Оқушының обалы кімде?» -  Білім саласында біліксіздік көп. Қазіргі таңда мерзімді баспасөздерде жарық көріп жатқан көптеген мақалаларда бүгінгі білім беру саласының сын көтермейтін жағдайы, көп мәселелердің шешуін таппай қордаланып жатқаны жайлы жиі сөз болуда.

QAZAQUNI.KZ     «Қазақстан әлемдік әскери рейтингте соңғы орындарда орналасты!» - Strategypage.com сайты деректеріне сәйкес, Қазақстан қарулы күштерінің коэффиценті 100 пайыздық жүйе бойынша тоғыз пайыз деп бағаланды. Он балдық жүйе бойынша Қазақстан әскери дәстүрлері “екі”, ал басқару сапасы “бес” деген баға алған.

SKIFNEWS.KZ    «Тіл комитеті тендер өткізу үшін керек...» -  Қазақстанда соңғы жиырма бес жылдың ішінде ең көп көтерілген проблема — мемлекеттік тіл проблемасы.  

ULT.    «Мәулен Әшімбаев: «ИШИМ Ислам мемлекетін құрамыз дегенді де  идеологиялық ту етіп көтеріп жүр» -  Соңғы айларда суық саясат әлемдік қауымдастықты қайта қари бастады. Дұрысы, жан­жаққа жалтақтап, ірі елдерден пана іздеп, қас-қабаққа қарап қалған елдерді қарып тұр десек болады. Бұған соңғы айларда тым ушыққан Украина дағдарысы әсер етті.

29 шілде 2014, 08:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.