Атырау, 24 сәуір 20:53
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Беларусь Үкіметі әйелдерге автобус жүргізуге тыйым салды

2 107 просмотра

Беларусь Үкіметі әйелдерге істеуге тыйым салатын мамандықтар тізімін жариялады.

Тізім бойынша нәзік жандылар мына мамандық бойынша қызмет атқара алмайды: көтергіш қондырғылардың, бұрғылау машиналары мен экскаватор машинисі, кен ұсақтаушы, бетон бұйымдарын кесуші, краншы, металл қорытушы, қазаншы, ұста, сүңгуір, т.б. Сондай-ақ беларусь әйелдеріне спирт пен май айыратын аппаратта жұмыс жасауға, автобус, жүк көлігі мен әскери көлікті жүргізуге тыйым алынды. Беларусьтің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бұл қаулыны 12 маусым күні қабылдады. 25 шілдеден бастап аталған қаулы күшіне енді деп жазады шетелдік БАҚ.

Дереккөз: BAQ.KZ

28 шілде 2014, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.