Атырау, 23 сәуір 14:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Терможаңғырту: жертөледен көрініс

2 062 просмотра

Биылғы жылдың аяғына дейін Атырауда республикалық бюджеттен 650 млн теңгеге көппәтерлі 20 үйге терможаңғырту жүргізілетін болады.

ТАЛАП АРЫЗ СОМАСЫ

Бұл туралы қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ тұрғын үй қорының бірқатар нысандарын аралаған кезде мәлімдеді. 2015 жылы жалпы сомасы617 млн теңгеге тағы 17 үйді жөндеу жоспарланды.

«Әнуар-Авангард» ПИК-іне 19 үй кіреді, жетеуі терможаңғыртудан өткен, биылғы жылы тағы жетеуін өткізу жоспарланған: Авангардтағы 3-ші ықшамауданда №№ 37, 39, 41, 42, 43, 45 және 2-ші ықшамауданда №8. 39-шы үйде жұмыс жүріп жатыр – мердігер («Үйшік» ЖШС) жұмысты жертөледен бастапты. Әкім жөндеушілердің жұмыстарын тексеріп, ғимараттың «жерасты» бөлігіндегі келесі жұмыстардың көлемін бағалау үшін жертөлеге түсуді ұмытпады.

«Әнуар-Авангард» ПИК-інің төрағасы Людмила ШАРОВАТОВАНЫҢайтуынша, орташа алғанда бір үйді терможаңғырту 38 млн теңгеге шығады. Шароватова тұрғындардың, әсіресе, «баспасөздегі жағымсыз пікірлерден» кейін құлықсыз келісетіндігін ерекше атап айтты. Шешуші дәлел ретінде терможаңғырту жүргізілген үйлер көрнекі мысал болады деп есептейді ол.

№76 үйді алып қарайық. Ай сайын жүргізілген күрделі жөндеу үшін үш бөлмелі пәтердің қожайындары жөндеу құны өтелгенше 3,5 мың теңге төлеп тұрады. Бірақ егер орнатылған жылу есептегіш беретін үнемді шегеру керек болса, онда сома 800 теңгеге дейін азаяды.

Л.Шароватованың айтуынша, ол күрделі жөндеу процесін «басынан аяғына дейін» үнемі өзі қатаң қадағалайды екен, оған ПИК басқармасының мүшелері де көмектесетін көрінеді.

Қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ терможаңғыртудан өткен үй тұрғындарының наразылығы туралы сұраққа жауап бере отырып, «жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше көңіл бөлінетінін» мәлімдеді. Тұрғындардың көп қарызы болуы да  сапаның жақсы болмауына байланысты болып отыр. Олардың пікірінше, олар мұндай сапасыз нәрсе үшін ақша төлегілері келмейді.

Қазіргі уақытта жөндеу жүргізілген үйлердің тұрғындары бюджетке 122 млн теңге қайтарулары тиіс еді, бірақ тек 46 млн қайтарылды, – деді Ж. Қарағаев.– «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС жұмыстар орындалып бітсе де, келісімшартқа қол қоюдан бас тартатындарға азаматтық талап арыздар береді. Келісімшартқа қол қойып, бірақ төлемейтіндерге қатысты бережағын өндіру туралы талап арыздар береді. Бүгінде 732 талап арыз берілді, 281-і қанағаттандырылды, 451-і – қарау кезеңінде.

ЕНДІ – ЕКІ ПАКЕТ

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрлан ЕРҒАЛИЕВ жаңалықтар туралы айтты. Егер бұрын үйді терможаңғырту тізіміне енгізу үшін ПИК есепшотында жұмыстың жалпы құнының бес пайызы болуға тиіс болса, енді бұл ереже күшін жойды. Өйткені көптеген ПИК-терде мұндай ақша болған жоқ. Егер бұрын жалпы үйлік есептегіштер тұрғындардың қалауы бойынша орнатылған болса, енді ол міндетті болды. Бұдан басқа, бұрынғыдай тұрғындар жұмыс түрлерін таңдай алмайды. Бағдарлама жасаушылар екі қызмет «пакетін» ұсынады. Минималды пакет – шатырды жөндеу және жылыту, подъездерді жөндеу және жертөледегі инженерлік тораптарды ауыстыру. Максималды пакет – мұнда да осы жұмыстар және қосымша қасбет пен лифтілерді (егер бар болса) жөндеу.

Тұрғындардың мақсатты алымдары арқылы жертөледегі тұрбалары жөнделген немесе шатыры жылытылған, подъездерге пластик терезелер орнатуға ақша жиналған үйлер қалай болады деген сұрақ туындайды. Жауап: бұл жұмыстар пакеттен шегерілетін болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

28 шілде 2014, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.