Атырау, 29 наурыз 11:56
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматыда кондиционері бар автобустар жүретін болады

1 509 просмотра
Алматы әкімдігі кондиционері бар автобустар сатып алғалы отыр, бұл туралы қазақстандық блогерлермен кездескен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер бейнелі түрде айтсақ, біз "Жигулимен" жүріп, шетелдік көлікке ауысқаннан кейін кері қарай "Жигулиге" отырғымыз келмейді. Сол сияқты біз жыл сайын қызмет көрсетудің сапасына қажеттілікті арттырып отырамыз. Егер біз мейлінше қарапайым автобустар сатып алған болсақ, жақын келешекте муниципалдық парк үшін ыңғайлылығы жоғары автобустарды, соның ішінде, ыстық климатымызды ескеріп, салқындатқыш жүйесі бар автобустарды сатып алуды жоспарлап отырмыз", - деді Ильин. Бірақ ол автобустардың биыл алынбайтынын айтты.

Ильиннің айтуынша, муниципалдық парк күзде газбен жүретін ондаған автокөлікпен толығуы керек. 2014 жылдың соңына қарай қалада экологиялық жағынан таза көліктердің саны 600-ге жетеді, немесе барлық көліктің 37%-ын құрайды. Қазіргі уақытта Алатау ауданында үшінші муниципалдық автопарктің құрылысы жүріп жатыр. Бірінші муниципалдық автопарк 2010 жылы "АлматыЭлектротранс" коммуналдық мемлекеттік көлік кәсіпорнының базасында құрылды. Оны жаңалауға Еуропа қайта құру және даму банкі 35,2 млн доллар бөлді.

Жүргізушілердің мәдениеті мен заңсыздықтары жайлы Tengrinews.kz жиі жазды. №63 бағыттағы автобустың жай-күйі тұрғындардың наразылығын туғызды. Сондай-ақ, қоғамдық көлік жұмысшыларының жоспарды орындау үшін көшеде өзара жарысатыны да хабарланды. Осы мәселелерге қатысты түсінік берген Ильиннің айтуынша, жылдың басынан бері 35 жүргізушінің валидаторды әдейі сөндіргені және басқа да заңбұзушылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылғанын айтты. Валидатордан ақша жымқыру деректері бойынша жеті қылмыстық іс қозғалған. Жергілікті билік нарықтан жеке тасымалдаушыларды ығыстырып шығарғалы отыр. Ильин жүргізушілердің 80 мың теңге жалақы алатынын айтты. "Өндірілген табысқа байланысты олардың еңбекақысы 260 мың теңгеге дейін барады", - деді қала әкімінің орынбасары.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

23 шілде 2014, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.