Атырау, 28 наурыз 22:08
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Алматыда куәгерлер бүлдіршінді қағып кеткен жүргізушіні ұрып-соқты

1 327 просмотра

Алматыда 7 жасар қыз баланы жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып кетті. Қазір апатқа кінәлі "Опель" маркалы көлігінің жүргізушісі қамауда отыр.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатышысы Салтанат Әзірбек айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Қайғылы оқиға түнгі сағат он екілер шамасында Жансүгіров пен Чигорин көшелерінің қиылысында болған.

"Әпкелі-сіңлілі қыздар жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан. Сол кезде "Опель" көлігі оларды бар жылдамдығымен келіп соққан. 2007 жылы туылған қыз бала қалалық №4 ауруханада көз жұмды. 1994 жылы туылған екінші қыз Алматы облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы өте ауыр", - деді Салтанат Әзірбек.

Апатқа кінәлі жүргізуші оқиға орнынан тайып тұрмақ болған. Алайда, оқиға куәгерлері оның ізін суытуына жол бермеді.Тоқтамаған күйі кете барған оны, куәгерлер қуып жетіп, оқиға орнына алып келген. Бұл ісіне ашуланған адамдар жүргізушіні сол жерде соққыға жығады.

"Қазір ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оған қатысты қылмыстық кодекстің 296 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 шілде 2014, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.