Атырау, 20 сәуір 06:20
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Тұрғын үй көмегі

3 002 просмотра

– Мемлекеттен тұрғын үй көмегін алу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?

В. Абаев, зейнеткер

Бізге қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде хабарлағандай, тұрғын үй көмегін меншігінде біреуден артық баспанасы (пәтер, үй) бар отбасылар, баспанасын жалға беретін тұлғалар мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркелмеген жұмыссыз азаматтар ала алмайды.

Тұрғын үй көмегін алуға үміткерлер: барлық топтағы мүгедектер; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрғандар; бір айдан артық стационарлық ем алушылар; күндізгі оқу бөлімінде оқитындар; студенттер; мүгедектерге күтім жасайтын адамдар; жасы 80-нен асқан адамдарға күтім жасайтын тұлғалар мен 7 жасқа дейін бала тәрбиесімен айналысушы аналар.

Баспананы ұстау және тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарының үлесі отбасының жиынтық кірісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленген. Өтемдік шаралармен қамтылатын баспана алаңы бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метрден аспайтын мөлшерде қабылданған. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін пәтер қожайыны ХҚКО-на өтініш жазып, мына құжаттардың көшірмелерін (салыстыру үшін түпнұсқасымен) ұсынуы тиіс: өтініш берушінің жеке бас куәлігі; баспананың заңды құжаттары; азаматтарды тіркеу кітабы немесе өтініш берушінің тұрақты мекенжай бойынша тіркелгенін растайтын мекенжай анықтамасы немесе селолық, яки ауылдық әкімдіктердің анықтамасы; отбасының табысын растайтын құжаттар; ай сайынғы тұрғын үйді ұстау жарналарының мөлшері туралы есепшоттар; тұтынылған коммуналдық қызметтердің есепшоттары; телекоммуникациялар қызметінің түбіртек-есепшоттары немесе байланыс қызметін көрсету келісімшартының көшірмесі; жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы есепшот; «Қазпошта» АҚ-дағы дербес шот; №1 нысандағы анықтама (ХҚО береді); тезтікпе.

Анағұрлым толық мағлұмат алу үшін Шәріпов көшесі, 4 А мекенжайында орналасқан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің №1 кабинетіне хабарласуға болады, телефоны: 45-04-71.

24 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.