Атырау, 25 сәуір 10:54
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Нашақорды диспансерге қалай әкелуге болады?

1 936 просмотра

21 шілдеде Атырауға «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМК директоры, ҚР бас наркологы Алтынай ЕСҚАЛИЕВА (суретте) келді.

Оның айтуынша, ресми түрде тіркелген нашақорлардың саны жағынан Алматы, Астана, Қарағанды және Павлодар облыстары «көш бастап» келеді. Атырау бұл тізімде әзірге соңғы орында.

А. Есқалиева заңсыз есірткі саудасы айналымымен күрестегі полицияның жетістіктерін атап өтті:

- Нәтижесінде нашақорлар кезекті «дозасын» таба алмай, наркологтарға хабарласуға мәжбүр болады. 2008 жылдан бері біз әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын алмастыру-қолдау көрсету терапиясы әдісін енгіздік. Нәтижесінде әр алтыншы нашақор осы бір зұлым кесапаттан құтылып, диспансерлік есептен шығарылды. Осылайша, нашақорлықты емдеуге болмайды деушілер қателеседі...

Бұл әдіс «медициналық» есірткі – метадонның көмегі арқылы емдеуге сүйенеді. Есқалиеваның айтуынша, осы препаратты қолдану классикалық нашақорлықты емдеу әдістерінен 30 есе арзанға шығады. Ол бүгінде Атырау наркологиялық диспансерінде тіркелген 281 «инъекциялық» нашақорды емдеуде метадон емдеу құралы ретінде қолданылмайтынын өкіне айтты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

24 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.