Атырау, 25 сәуір 13:19
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Үтіктен шыққан ұшқын

4 896 просмотра

ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы Гурьевтің тұрмысын сипаттайтын кейбір жәдігерлермен танысқан кезде қазіргі кезде әйелдердің жұмыстарының қаншалықты жеңілдегені туралы еріксіз ойға қаласың.

- Кір жуу үшін беті ойлы-қырлы тақтайлар қолданылды. Оған сабынды суға малынған киім-кешектерді ысқылаған. Мұндай тақтайлар шамамен ХІХ ғасырдың басында пайда болды. Ал одан бұрын киім-кешектерді тасқа үйкелеген, - деп әңгімеледі облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия бөлімінің меңгерушісі Оксана ӘЛЖАНОВА. – Ал 1883 жылы ойлы-қырлы металл қабатын бекіткен ағаш жиектеме түрінде кір жуатын тақтай патенттелді. Бұл құрылым электрлі кір жуатын машиналар жаппай қолданыла бастағанша пайдаланылды. Музей қорында  ХХ ғасырдағы кір жуатын тақтайлар сақталған. Олардың бірін 2003 жылы Атырау қаласының тұрғыны  Қожахметова музейге тапсырды.

«Тұрмыстық» жәдігерлердің ішінде үтіктер ерекше әсер қалдырды. Көне заманғы үтіктер пеште немесе ашық отта қыздыратын шойыннан жасалған тұтас бұйым түрінде болған. Үтіктеуге арналған мұндай құрылғының салмағы 10-12 келі тартады. Оны қыздыру үшін ұзақ күтуге тура келеді. Сондықтан сол кездегі әйелдер бірден екі үтікті қолданып,  бірімен үтіктеген кезде, екіншісін қыздырып, уақыттарын үнемдеген.

Үтіктердің басқа бір түрі – темірден жасалған, ашылатын қақпағы бар іші қуыс үтік. Ішіне қыздырылған шоқ салған. Мұндай үтікпен үтіктеп, киім-кешекті бүлдіріп алмас үшін әйелдерге епті болу міндетті болған. Өйткені, үтіктен жан-жаққа ұшқын шашырайды екен.

Ерте заманда өзін құрметтейтін кез келген үй шаруасындағы әйел қол өнерімен айналысқан. Қорда ХІХ ғасырдағы ұршықтар сақталыпты. Олардың бірін 2007 жылы Атырау қаласының тұрғыны А.Митрофанов музейге берген. Бұл анасының ұршығы екен.

- Ал мына кесте кергішке 150-ден астам жыл болған, - деп көрсетеді О.Әлжанова. - Бұл сол кездегі қолөнершілердің бірден-бір атрибуты. Осы кесте кергіште қаншама орамалға, жастық тысқа, дастарханға крестеліп, тығыздалып кесте төгілді. Бұл Атырау тұрғыны Заризинованыңотбасылық жәдігері. Мұны 1988 жылы музей қорына тапсырған болатын.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

24 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.