Атырау, 29 наурыз 00:09
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Шаяхметов ісі фигуранттарынан миллиард теңге талап етілді

2 150 просмотра

ҚР Білім және ғылым министрлігі бұрынғы вице-министр Саят Шаяхметовтің ісі бойынша фигуранттардан 1 млрд теңгеден астам қаражат өндіруді талап етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

"Көрсетілген сома ұсынылған тұлғалардан өндірілсін. 1 млрд 153 млн 779 мың 42 теңге сомасына талап арыз берілген", - деп мәлімдеді ҚР БҒМ өкілі Ілияс Рамазанов. Бұл соманы өтеу сотталушылардың бәріне, атап айтқанда, Саят Шаяхметовке, "ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары" ЖШС бас директоры Александр Пакқа, "ЗАК Сервис" ЖШС экс-бас директоры Роман Киреевке және Алексей Тутубалинге белгіленді. 

2013 жылдың 29 сәуірінде қаржы полициясы Өскеменде 700 орындық білім мекемесін салу кезінде бюджеттің миллиардтан астам қаражатын иелену және талан-таражға салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдік бойынша Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы вице-министрі Саят Шаяхметов пен "ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары" ЖШС бас директоры Александр Пак ұсталды. Сол жылдың 17 мамырында Шаяхметов үй қамауына алынып, Пак тергеу изоляторына қамалды.

Шаяхметов вице-министр қызметіне 2011 жылдың қазан айында тағайындалған. Өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған кезде, нақты айтқанда, 2013 жылдың 8 мамырында ол өзге жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Дереккөз: tengrinews.kz

23 шілде 2014, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.