Атырау, 29 наурыз 14:30
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Атыраудың» жаңа бас бапкері – В. Никитенко

2 312 просмотра

Владимир НИКИТЕНКОВладимир НИКИТЕНКО22 шілдеде облыстық футбол федерациясының президенті, облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН «Атырау» командасының ойыншылары мен жаттықтырушыларына жаңа бас бапкер – 57 жастағы Владимир Андреевич НИКИТЕНКОНЫ таныстырды.

«Атырау» ФК таратқан баспасөз бетшесінен: В. Никетенко 2001-02 жылдары Ваит Талгаевпен бірге «Атырау» командасының жаттықтырушылар штабына кірді. В. Никитенко басқарған «Ақтөбе» командасы Қазақстан чемпионы (2013) және Қазақстан Суперкубогының иегері (2014) болды.

Ш. Мұқанның айтуынша, «Атырау» ФК-нің бұрынғы бас бапкері Анатолий ЮРЕВИЧ денсаулығына байланысты жұмыстан кетті.

- Кейбір ақпараттық сайттар Юревич алдына қойылған міндеттерді орындай алмағандықтан жұмыстан шығарылды деп хабар таратты. Бұл олай емес. Біз А. Юревичке өнімді еңбек етіп, команда құрғаны, тәжірибелі ойыншылар жинағаны үшін алғыс айтамыз. Клубтың оған қояр еш талабы жоқ. Ол өз денсаулығын түзегеннен кейін, Қазақстанға ҚР Футбол федерациясының спорттық директоры ретінде қайтып келеді деп үміттенеміз,- деді Ш. Мұқан.

- Маусым басында команда алдына алғашқы алтылыққа (бұл чемпионаттың бірінші кезеңі бойынша анықталып, жүлдеге сол командалар таласады – М. С.) кіру міндеті қойылған. Бұл міндет орындалмай қалды,- деп сөзін сабақтады президент. –Алайда екінші топта қалып қойсақ та, турнирлік міндеттемелер сол күйінде қалады. Өткен жылы «Атырау» чемпионатты 8-орынмен аяқтады. Яғни, биыл 7-орын алумыз керек немесе өткен жылғы нәтижені қайталауымыз қажет.

Әрі қарай Ш. Мұқан футбол инфрақұрылымын дамыту жоспарлары туралы айтты. Жақында «Мұнайшы» стадионының алаңын қайта салу жұмыстары басталды. Ол тамыздың ортасында бітеді. Биыл, сондай-ақ, Атырау қаласында футбол манежін және барлық аудан орталықтарында стадиондар салу жоспарлануда. «Судоремонтник» стадионындағы жасанды жабындыны ауыстыру да жоспарда бар.

Өз сөзінде Владимир Никитенко былай деді:

- 2001-02 жылдары Атырауда жұмыс жасаған кезімнен жақсы естеліктер қалды. Жүрегімнің бір бөлігі осы жерде қалғандай. Бұл жерде футболға ерекше көңіл бөледі, барлығы түсінеді және сүйеді. Қалған ойындарда жанкүйерлерді қуантып, алға қарай жылжығымыз келеді. Бұл үшін мен барлық білімім мен тәжірибемді аямаймын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

23 шілде 2014, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.