Атырау, 28 наурыз 21:49
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Малайзиялық Boeing-ті қателесіп атып түсіруі мүмкін - АҚШ барлау қызметі

1 733 просмотра
АҚШ малайзиялық Boeing 777 ұшағын нақты кім қаққанын білмейді, бірақ Украинаның шығысында ополченецтер ұшақты қателесіп атып түсірді деп болжап отыр. Бұл туралы брифингте АҚШ барлау қызметінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz  AFP сайтына сілтеме жасай отырып. 

Барлау қызметкерлерінің пайымдауынша, малайзиялық Boeing-ті "Бук" зенитті зымыранды кешенінің зымыраны атып түсірген. Алайда барлаушылар зымыранның Ресейге тиесілі екенін нақты дәлелдейтін дерек жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, Амстердамнан Куала-Лумпурға бағытталған малайзиялық Boeing 777 ұшағы 17 шілде күні Украинаның оңтүстік-шығысында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында барлығы 298 азамат болған, олардың бәрі қаза тапты. 21 шілде күні РФ ВС басштабының жедел басқарма басшысы генерал-лейтенант Андрей Картаполов арнайы брифингте ұшақ құлаған сәтте сол нүктеде укариналық Су-25 ұшағы да болғанын айтты.

Алайда Украина билігі мұндай айыптауларға қарсы шықты. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мари Харфтың айтуынша, Ресейдің апатқа ұшыраған ұшақ туралы деректері Вашингтонның деректерімен сәйкес келмейді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

23 шілде 2014, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.