Атырау, 19 сәуір 08:05
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Джохар Царнаевтың тағы бір танысы тұтқындалды

1 870 просмотра

АҚШ полициясы Джохар Царнаевтың досы - 21 жастағы Стивен Силваны тұтқындады, деп хабарлады «Вести.Ru».

Полицияның хабарлауынша, ол Бостонда теракт жасаған ағайынды Царнаевтарға тапанша сатқан.

Қылмыскер дәл сол тапаншамен оқиғадан кейін, бірнеше күн өткесін Бостон маңында полицейді атып өлтірді деген болжам бар.

Силва есірткі сатумен айналысты және зауыттық нөмірлері өшірілген қару-жарақтарды саудалады деген күдікпен қамалған. Оның Бостондағы жарылысқа қатысы бар жоқтығы әзірге белгісіз. Ұсталған жігіт Джохар Царнаевтың сыныптасы әрі,  досы екені анық.

Еске сала кетейік, 2013 жылы 15 сәуірде Бостон марафонында жарылыс болған. Онда 3 адам қаза тауып, 260-тан астам адам жарақаттанған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 шілде 2014, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.