Атырау, 29 наурыз 18:18
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Chrysler 800 мыңға тарта Jeep автокөлігін кері қайтарып алмақ

1 608 просмотра
АҚШ-тың Chrysler Group автоконцерні оталдыру жүйесіндегі ақаулыққа байланысты 792 мың 300 Jeep автокөлігін кері қайтарып алатынын мәлімдеді, компания биылға осымен үшінші рет осындай қадамға барып отыр, деп хабарлайды РБК. 

Бұл жолы мамандардың сынына 2006-2007 жылдардағы модельден Jeep Commander және 2005-2007 жылдардағы модельден Jeep Grand Cherokee көлігі ілігіп отыр. Автокөліктердің оталдыру құлпынан кемшілік табылыпты, дәлірек айтсақ, оталдыру коммутаторы жүргізушінің тізесіне тиіп кеткен жағдайда ол кенеттен іске қосылып кетуі мүмкін екені анықталған. Ал бұл қозғалтқыштың кенеттен тоқтап қалуына және қозғалыс кезінде көліктің кілт тежелуіне әкеп соқтыратын көрінеді. Сонымен қатар, ақаулық салдарынан қауіпсіздік жастығы да істемей қалуы мүмкін.

Chrysler осы ақаулықпен байланысты бір ғана жол-көлік оқиғасы орын алғанын хабарлады. Дегенмен жол апатынан ешкім зардап шекпеген. Автоконцерн кері қайтарылған автокөліктердің барлығын тегін жөндеп бермек.

Дереккөз: bnews.kz

23 шілде 2014, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.