Атырау, 25 сәуір 11:01
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қауіпті нысан

1 901 просмотра

Редакциямызға №1 мектепке дейінгі гимназияға (МДГ) баратын балалардың ата-аналары хабарласты.

Олар балалар мекемесі қасында қауіпті электр трансформаторы тұрғанын және одан Авангард ықшамауданының үйлеріне еш оқшауланбаған жоғары кернеулі электр желілері тартылғаны туралы хабарлады. Ол аз болғандай, нысанның айналасында қоршау жоқ, басқару пульті ашық, қақпағы сынып қалған екен.

Біз энергетикалық қадағалау департаменті қызметкерлерін сол жерге бірге барып, хаттама толтыруға шақырдық, алайда олар бас тартты: бақылаушылар кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге тыйым салынғанын алға тартады. Алайда, «Атырау-Жарық» АҚ қалалық электр желілері кәсіпорнының бас инженері Қуат СИСЕНҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, трансформатор Атырау-Жарықтың емес, қала әкімдігінің балансында екен. Сисенғалиев өзінің қала әкімі мен ТЖ департаменті басшысына қаупті нысанды нормаларға сәйкес қауіпсіздендіру керектігі жөнінде бірнеше хат жазғанын айтты, алайда қорытынды жоқ.

Мұндай жағдайлар қандай қасіретке алып баратыны жөнінде мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ – «Қос қолынан айырылды: кім кінәлі?» мақаласын қараңыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 шілде 2014, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.