Атырау, 25 сәуір 09:35
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жаяу жүргіншілерді басып кетті: әкесі көз жұмды, екі сәби ауруханада

3 609 просмотра

17 шілдеде күндізгі сағат 1-де Балықшыдағы құрылыс дүкенінің жанында Toyota Hiace көлігінің 57 жастағы жүргізушісі үш адамды – әкесін екі кішкентай баласымен қағып кетті.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, екі кішкентай баласымен тиесілі емес жерден өткен42 жастағы ер адам алынған зақым салдарынан сол жерде көз жұмған. Оның 2011 және 2013 жылы туылған балалары облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін травматология бөліміне ауыстырылды.

Сараптама қорытындысы бойынша жүргізуші сау болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-тармағы («Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы ережелерiн бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Анастасия ПАСТУХОВА

18 шілде 2014, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.