Атырау, 20 сәуір 17:33
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жағажайдағы балықшылар

1 620 просмотра

- Демалыс күндері жағажайға барып суға түскіміз келген, ол жерде балықшылар толып жүр екен. Мен қармаққа түсіп қаламын деп қорқып, баламмен бірге суға түспедім. Неге жағажай иелері тәртіпті қадағаламайды?

Сұраққа «Сәрсекен» ЖК басшысы Қалыбай СӘРСЕКЕН жауап берді:

- Өткен жылы ЖК Жилгородоктағы және қалалық ДСК маңындағы екі жағажайды өз басқаруына алды. Биыл суға түсу маусымы әлі ашылған жоқ, ТЖ департаменті рұқсат бермей отыр: ағыс әлі де болса қатты, су лай. Жақында өткен қалалық әкімдіктегі жиналыста ТЖ өкілдері суға түсу маусымын ашуды 5 шілдеге дейін қоя тұруға кеңес берді.

Шартқа сәйкес, жағажай аумағында ТЖ қызметкерлері суда қайықпен, құрғақта арнайы бағаналар үстінде кезекшілік атқаратын болады. Суға түсу маусымы ашылғаннан кейін біздің күзетшілерімен жағажай аумағында балық аулауға жол бермейді.

10 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.