Атырау, 20 сәуір 14:48
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ақтөбе облысында екі полицей оққа ұшты

3 254 просмотра

1 шілдеге  қараған түні    Темір аудандық  ішкі істер бөлімінің  қызмет көлігіне   қарулы  шабуыл жасалып,  оқиға салдарынан  патрульдық-бекеттік   қызметтің екі сержанты   қаза  тапты.

Бүгін облыстық  ішкі істер департаментінде  өткен брифингте   мәлім етілгендей,    кеше 30  маусым күні   31  жастағы Нұрлан  Алпысбай мен 39  жастағы Айдос Боранбаев  «УАЗ» көлігіне мініп,  Темір ауданы  Шұбаршы  ауылында     кезекшілікке кіріседі. 

«Митсубиси Делика»  көлігін мінген белгісіз  біреулер сағат  24.00-тің  шамасында  Шұбаршы ауылының  тірек  бекетіне    келіп,   қызмет көлігіне  белгісіз  қарудан  оқ жаудырған және   оқиға орнынан   жасырынған.

Полиция  қызметкерлерін өлтіру факті бойынша  ҚР Қылмыстық кодексінің  92-бабы  2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстың бетін ашу  үшін  бірнеше   жедел топ  құрылды. 

Қаза болған    полицейлердің отбасы,   әрқайсысының екі  баласы  болған.  Олардың  отбасыларына материалдық  көмек көрсетіледі.

http://www.inform.kz/kaz/article/2390959

1 шілде 2011, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.