Атырау, 20 сәуір 21:34
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Іздеуде жүрген ҚХР азаматы Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен

1 526 просмотра
Алматы облысында Қазақстан-Қытай шекарасынан заңсыз өткен 32 жастағы ҚХР азаматы ұсталды,  деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Белгісіз жан шекарашылардың шекара сызығын кесіп өткені жайлы ескертуіне құлақ аспағандықтан құрықталған.

 «Тергеу барысында әлгінің шекарадан әдейі өткені анықталды. 2012 жылғы Үрімжідегі тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген ол өз елінің құқық қорғау органдарынан осылайша құтылмақ болған», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

8 шілде 2014, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.