Атырау, 20 сәуір 04:12
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Отандық білім пайдасыз болып барады

2 522 просмотра

86% қазақстандық жұмыс берушілер отандық жоғары оқу орындарын бітірген түлектерді нашар дайындалған мамандар деп есептейді. Мұндай нәтижені Қазақстанда жастардың ҮЕҰ желісі жүргізген зерттеулер  көрсеткен.

 

Атырауда сауалнама жүргізумен «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестігі айналысты. Сауалнамаға 200-дей адам қатысты. Олар АМУ мен Мұнай және газ институтының студенттері мен мұғалімдері, жас мамандар, жұмыс берушілер. Сауалнамаға қатысушылардың пікірі олардың мәртебесіне қарағанда айырмашылықтары жер мен көктей.

«Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Ұлықбек ТІНӘЛИЕВТІҢайуынша, жұмыс берушілердің пікіріне қарамастан  студенттердің 36% жақсы білім алдық деп есептейді. Дегенмен, ол білімдерінің өзі бәрібір әлемдік стандартқа сәйкес келмейді. Жоғарыда айтылғандай, жұмыс берушілердің тек 14% ғана жоғары оқу орындарын бітірген кадрлардың білім сапасына көңілдері толады, ал, олардың 62% жұмысқа тек еңбек өтілдері бар мамандарды қабылдауды жөн санайды. Дегенмен де жұмысберушілердің  80% үшін жоғары білімі туралы дипломы бар үміткерлер маңызды болып есептеледі. Ал, жастар болса, бұрынғысынша, «қатты қағазың» болса болды мансап та, материалдық жағын да қамтиды деп ойлайды.

Алайда, сауалнама нәтижелері ұйымдастырушыларға көңілді жабырқатарлық көрсеткіштер берді: көптеген түлектер оқу орынында алған білімдерін істе көрсете алмайды, өйткені, бұл білім  беру бағдарламалары ескірді, жұмыс берушінің талаптарына жауап бере алмайды.  Оқу орынын бітірушілердің арасында  кеңсе техникаларымен жұмыс істей алмайды, ең қарапайым деген факс қабылдау мен жіберуді білмей жатады. Тіпті, өз мамандығының негізін білмейтіндер де бар. Ұ.Тінәлиевтің айтуынша, мұның бәрі отандық жоғары білім беретін оқу орындарын реформалаудың қажет екендігін көрсетеді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

30 маусым 2011, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.