Атырау, 29 наурыз 15:18
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Облыс «азық-түлік белдеуін» тағынбақ

4 305 просмотра

Облыстық әкімдікте өткен мәжілісте агроөнеркәсіпті дамыту бағдарламасы қаралды. Осы бағдарлама бойынша таяудағы 3 жылда ауылшаруашылық саласына 17.5 млрд теңге бөлінді, оның 10 миллиарды 2012 жылдан бастап игеріле бастайды.

Мәжіліс алдында Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ командасы біздің көптеген ауылшаруашылық өнімдерін өнді-рушілердің тікелей облыстық әкімдік ғимаратына қойылған өнімдерімен танысты. Көрмеде қызанақ, қияр, вакуумдалған орамаға салынған ет, тетра-пакеттердегі және бөтелкедегі  сүт, балық бар. Шынымды айтсам мен бұның бәрінің бізде өндірілетініне сене қойғаным жоқ, артынша осы шағын ғана өнімдердің дүкен сөрелеріне емес бірден ірі өнеркәсіпті кәсіпорындарға жіберіле-тіндігі белгілі болды.

Құлсарылық «Атырау-Сауда» ЖШС-нің (кәсіпкер Балжігітовтердің кланы) үстелінде (суретте) сүт және нан өнімдері түрлілігімен ерекшеленді. Алайда, ЖШС қызметкерлерінің әңгімесінен Құлсары халқына тек өз наубайқаналарының нан өнімдері ғана сатылатындығы белгілі болды. Қалғандары кәсіпорынға жіберіледі екен.

Көрмені аралап көрген Б.Рысқалиев «УС-99» құрылыс компаниясының жылыжайларында қолданылып жүрген технологияны сынға алды. Бюджет қаржысына салынған жылыжай көктем мен жазда ғана өнім алуға есептелген, ал, ол мезгілдерде базар сөрелері сырттан келген немесе жергілікті өнімдерге толып-ақ тұрады. Бұған қатысты әкімнің айтуынша, көкөністі жыл бойына өсіруге дайын өндірушілерден («Құралай» ЖШС) ұсыныстар түсіп үлгерген екен. 

Агроөнеркәсіпті кешенді дамытудың «Азық-түлік белдеуі» деп аталған бағдарламасы бес басты бағытты қойып отыр: жерге орналастыру, су ресурстарымен қамтамасыз ету, мал шаруашылығы (өндіріс және қайта өңдеу), өсімдік шаруашылығы мен балық шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы саласына жауапты облыс әкімінің орынбасары Серік АЙДАРБЕКОВТІҢ айтуынша, оны жүзеге асыру осы жылдан бастап, 2014 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі екен. 

Өсімдік шаруашылығында тамшылатып суару арқылы өнім алатын егістің алаңдарын арттыруға көп көңіл бөлінбек. Көкөніс өнімдерін өндіруді 15%, дайындау және қайта өңдеу –  30% дейін арттыру көзделіп отыр. 3 қайта өңдеу цехының құрылысы (жылына 15 мың тоннаға дейін), жылыжайлар алаңын 15 гектарға дейін және сақтау қоймаларының алаңын 29,4 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланды. 

Мал шаруашылығы бойынша – сүт өндірісі  на 15%, құс еті 37,6%, жұмыртқа - 34% дейін арттыру көзделді. 6 жемдеу алаңдарының құрылысы, 5 сүт-тауарлық ферма, 2 құс фабрикасы және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 11 кәсіпорын құрылысын салу жоспарланып отыр. Б.Рысқалиев құс фабрикасын салуды қолға алған «Атырау-Сауда» ЖШС өкілінен өткен жылдардың өкінішті тәжірибесін ескеруді сұрады.  Олар соңғы құс фабрикасының азықтық базасының  және инкубаторлар жүйесінің болмауы салдарынан жұмыс істей алмағандығын және оның енді қайталанбайтындығын айтты. 

Атырау қаласының әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВТАНмал шаруашылығы үшін қолайлы болып есептелетін Батыс Қазақстан облысының Сырым  ауданынан мал сатып алатын және мал жайылымдары бар жергілікті кәсіпкерлердің тәжірибесін кеңінен қолдану туралы ұсыныс түсті. Ауыл шаруашылық басқармасына осы ұсынысты қарау үшін бір ай мерзім берілді. Бағдарлама аясында барлығы облыстан тыс жерлерден 5 мыңнан 10 мыңға дейін қой және 200 бас мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспарланды.

2012 жылға тағы да 9 ірі жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Олардың ішінде ұсақ көтерме коммуналдық базарлар құрылысы және 2 айлық қорға жететін әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді сақтау үшін қоймалар және тәулігіне 20 мың литр сүт беретін сүт зауытының («Атырау-Агросервис» бұл зауыттың өнімі сырттан келген өнімдерден 15% дейін арзан болады деп уәде етеді) құрылысы бар.

Жергілікті бизнесмендер барлығы 23 жоба ұсынып отыр. Олар ол жобаларды мемлекеттің қолдауымен жүзеге асыруды көздейді. Мәжілісте әрбір кәсіпкер өз жобасын түсіндіріп берді. Алайда, сол залда отырып-ақ, олардың барлығының бірдей ауыл шаруашылық саласында тәжірибесінің жоқ екендігі белгілі болды. Шамасы олардың көп бөлігін өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы қиын шаруадан гөрі дәл осы бюджеттік қаржы қызықтыратын сияқты.  Әкім әрбір кәсіпкердің жұмыс тәжірибесі мен қаржылық жағдайы өздері ұсынып отырған жобаларын жүзеге асыруға қабілеттері бар ма, жоқ па соны анықтауға тапсырма берді. Сонымен бірге, ол егер жергілікті кәсіпкерлер өз ұсыныстарына енжарлықпен қарайтын болса, облыстың басқа аймақтарынан келген бизнесмендерді қаржыландыратындығын айтты. Әкімнің айтуынша, олар да залда отырған болып шықты. Келімсек бизнесмендерді жергілікті билік ұсынған, яғни, мемлекеттік қолдау жүйесі қызықтырады. 20% – өз қаржысы, ал, қалғанын мемлекет береді. Б.Рысқалиевтің айтуынша, басқа аймақтарда бұған керісінше сызба жүргізілген.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Сурет автордікі

30 маусым 2011, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.