Атырау, 28 наурыз 17:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Экс-әкімнің ісі. Күмән тудырған сараптама

3 428 просмотра

Атырау мамандандырылған ауданаралық сотында «Бергей Рысқалиевтың ҰҚҚ» қылмыстық іс материалдарымен жете танысу жалғасуда. 30 маусымда «Су бұру» топтамасын қарау аяқталды және «Азия-маркет С» ЖШС» топтамасымен танысу аяқтала келді.

«Су бұру» топтамасы бойынша тағы бір ЭСҚКД қызметкері МАДЬЯРОВТАН жауап алынды.  «Азия-маркет С» топтамасының шеңберінде адвокаттар сүзгілеу стансасының жұмыстары («Атырау қаласының оң жақ жағалауында су тазарту және су тарту» жобасы) бойынша қорытынды жасау үшін тергеу ісі тартқан әлдебір маманнан жауап алу туралы өтініш білдірді. Мұндай жобалардың өзгешелігі арнайы лицензияның болуын қажет етеді. Ал жауап алынушының лицензиясы бар, бірақ тек жылжымайтын мүлікті бағалауға ғана. Осыған қарамастан, ол қажетті қорытындыны шығарып, соның негізінде тергеу ісі тартқан сарапшы орындалған жұмыс көлемі сметада көрсетілген жұмыстарға сай келмейді деген қорытынды жасаған. Алайда куәгер Мырзатай НҮСІПБЕКОВ («Азия-маркет С» ЖШС учаскесінің бастығы) сарапшының қорытындысымен келіспей, тіпті кейбір тармақтарды «сандырақ» деп атады:

- Тораптар, қондырғылар, тұндырғылар (…) және басқа да жабдықтар, сонымен қатар ыдыс-аяқ, жиһаз, реактивтер, сметада көрсетілгеннің бәрі толықтай көлемде бар, - деді ол. - Олардың (сарапшының) қалай есептегенін білмеймін. Реактивтердің барлығы зертханада және «Топан» ЖШС-не (балансына) қабылданған.

Сейсенбіде, 1 шілдеде процесске қатысушылар «Электрлендіру» топтамасының материалдарымен жете танысуға  кіріседі.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

1 шілде 2014, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.