Атырау, 23 сәуір 13:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Жылу есептегіштің тиімділігі

3 600 просмотра

– Тұтынушы үшін жылу энергиясының есептегіші шынымен де тиімді ме?

Рүстем

Сұраққа ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің (ТМРАД) басшысы Райхан МИЗАМҒАЛИЕВА жауап берді:

– «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы»

ҚР Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес, тұтынушылар жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтер бойынша тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеуді жүргізеді.

Жалпыүйлік жылу есептегіш аспаптары жоқ үйлерде тұратын жеке тұлғалар 20 пайызға көп төлейді. Мұндай көрсеткіш жылу есептегіштерін орнатуға ынталандырады. Бұдан басқа, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңының (әрі қарай - Заң) 11-бабының 4-тармағына сәйкес, табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін тұтынушыда реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарының болуы міндетті.

Сондай-ақ, Заңға сәйкес,табиғи монополия субъектiсi тұтынушы-лармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнатуға міндетті.

Заңда тұтынушы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, оларды сатып алу мен орнатуға уақытылы және толық көлемде ақы төлеуге міндетті екендігі де қарастырылған.

Жылу энергиясы – бұл қымбат әрі есептеу үшін ең күрделі энергия қорларының бірі. Сондықтан жылу есептегіштер күрделі болып келеді, тиісінше, бағасы да солай. Жылу есептеу аспабын орнату жылу мен ыстық су төлемдерін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Біріншіден, аспапты орнату – бұл нақты тұтынудың дәлдігі. Кейде жылу мен ыстық судың шығындарын едәуір төмендету үшін осының өзі жеткілікті. Төлемдерді қысқартудың екінші маңызды факторы - өз жылу жүйесіне қарапайым тәртіп орнату болып табылады.

Көбінесе тұтынушы өзінің жылумен қамту жүйесінде жылудың едәуір жылыстайтынын байқамайды. Аспаптардың көрсеткіштері  жылумен қамту жүйесіндегі бүкіл жасырын жылыстаулар мен жарылған жерлерді көрсетеді және оларды жоюға көмектеседі. Үшіншіден, бұл үнемдеу және түрлі энергия үнемдеу шараларын өткізу мүмкіндігі. Төртіншіден, төлемақы орташа босату тарифіне қарағанда 50 пайызға төмен болады. ТМРАД 2013-2014 жылдардағы жылу маусымы үшін жалпыүйлік жылу есептеу аспаптарының қолданылуына салыстырмалы талдау жасады.

Мәселен, Құлманов көшесі, 1 а мекенжайындағы үй тұрғындары 4,9 млн теңге сомада өткен жылу маусымында 207,19 Гкал жылу энергиясын; Құлманов көшесі, 152 – 5,3 млн теңге сомада 582,93 Гкал; Cмағұлов көшесі, 56 а – 4,4 млн теңге сомада 621,33 Гкал, Сәтпаев даңғылы, 50 – 2,2 млн теңге сомада 73,64 Гкал; Авангард, 3 ықшамаудан, №40 үй – 2 млн теңге сомада 156,53 Гкал, Махамбет көшесі, 121 – 1,2 млн теңге сомада 89,33 Гкал үнемдеді.

Пәтерге жылу есептегіштерін орнатпас бұрын жылу ысырабының бүкіл көздерін: терезе түбіндегі саңылауларды, жылу материалымен қапталмаған кірер ауыздағы есіктерді, ескі ағаш терезелерді айтпағанда, мұз боп қатқан бұрыштарды жойған жөн. Жылу жүйесі мен ыстық сумен қамту жүйесін қайта жарақтаған кезде жылу 8-15 пайызға әжептәуір үнемделеді. Тек сол кезде ғана жылу энергиясының есептегіштерін орнату тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін төлеуде елеулі үнем әкеледі.

26 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.