Атырау, 19 сәуір 19:25
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Төрт КамАЗ-ға қатысты іс

2 421 просмотра

–  Менің көлік жуатын орным бар. Кәріздік жүйе жоқ, сондықтан пайдаланылған су септикке құйылады. Кәріз үшін төлемді тұтынылған су мөлшеріне сәйкес дер кезінде төлеп отырамын. Жұртшылық тыңдауында «Атырау Су Арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ АСА вакуумдарының қызметін пайдаланушыларға кәріз жүйесі үшін абоненттік төлемақы вакуум қызметі үшін төленген сомаға азаяды деп айтты. Бірақ іс жүзінде олай емес. Мен төрт КамАЗ-дан суды тартып шығаруға тапсырыс берген едім, ал, монополист өзара есептесу үшін түбіртек қабылдаудан бас тартып отыр.

Жеке кәсіпкер С.

Сұраққа «Атырау Су Арнасы» КМК-ның тұтынушылармен жұмыс жөніндегі менеджері Александр ПАСТУХОВ жауап берді:

– Біздің кәсіпорын тұтынушы-ның өтініші бойынша септиктегі пайдаланылған суды арнайы көліктермен тартып шығару қызметін көрсетеді. Мұнда төленген сома компьютерлік бағдарлама бойынша орталық диспетчерлік қызмет арқылы сату қызметінің операторына беріледі.

Айдың аяғында вакууммен шығарылған пайдаланылған судың көлемі үшін төлем сомасы су тартқаны үшін төленетін абоненттік төлемнен шегеріледі.

Бұл жағдайда шот-фактурада вакуум шығарып алған пайдаланылған су көлемі шегерілген сома көрсетілуі тиіс. Егер төрт КамАЗ тартып шығарған болса (4х10 м3 = 40 м3), онда шегерілетін сома 5 470,9 теңгені құрайды (40 м3 х 136,77 т). Тексеріп көріңіз.

26 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.