Атырау, 24 сәуір 17:48
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Баспана алар кез жақындады

3 409 просмотра

– «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (ҚТҚЖБ) «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша, атап айтқанда, ІІ топ бойынша – «азаматтардың барлық санаты үшін» өтініштер қабылдамайды. Жыл басынан бері осы топ бойынша құжаттарды қабылдауды әкімдікке сілтеп, кейінге қалдырып келеді. Мен баспанаға кезекте 2 500-ші болып тұрмын. Баспанаға өте мұқтажбын және ҚТҚЖБ-ға көп үміт артамын. Азаматтардың барлық санаты үшін «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына өтініштерді қабылдау қандай себеппен тоқтатылғанын түсіндірсеңіздер екен?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Еркін ҒАЛИЕВ жауап берді:

– «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сай «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ таяу уақытта кезекте тұрған және «Халықтың барлық санаттары үшін» ҚТҚЖБ желісі бойынша кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана алу үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаж қала тұрғындарынан өтініштерді қабылдауды бастайды. 

2014 жылдың 31 наурызында қайта қабылданған бағдарламаның 9-тармағына сәйкес, тұрғын үй мынадай мөлшерде және тәртіппен бөлінеді («Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша):

- І топтағы қатысушылар үшін 50 %;

- ІІ топтағы қатысушылар үшін 50 %.

Осылайша, егер аталмыш бағдарламаға қатысқысы келетін азамат кезекте тұрған болса, онда ол І топ қатысушысына, азаматтардың басқа санаттары ІІ топқа жатады.

Облыстық әкімдік пен ҚТҚЖБ арасындағы қабылданған өзгерістерге байланысты қосымша келісімдер жасалады. Кейіннен  ҚТҚЖБ мен қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өтініштер қабылдауды бастайды. Бұл туралы қала тұрғындарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етілетін болады.

26 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.