Атырау, 29 наурыз 16:12
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тимур Құлыбаев ҰКП төралқа төрағасы қызметiне қайта сайланды

1 695 просмотра
Бүгiн Ұлттық кәсiпкерлер палатасының I съезi барысында Тимур Құлыбаев палатаның төралқа төрағасы қызметiне қайта сайланды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Съезд барысында төралқа бiрауыздан төраға қызметiн атқарып жүрген Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын қайта ұсынып, дауыс бердi.

«Маған сенім көретiп отырғандарыңыз үшiн алғыс бiлдiремiн. Бiз жұмысымызды жалғастыратын боламыз. 2013 жылдың қыркүйегiндегi президиум шешiмiне сәйкес, басқарма өкiлеттiгi бүгiн аяқталады. Осыған орай съезд жаңа басқарма құрамының өкiлеттік мерзiмiн анықтауы қажет. Ол ҰКП төралқасының отырысы барысында қаралады. Басқарма төралқасы жаңа құрамының өклеттiлiгiн 2 жылға бекiту ұсынылады. Қабылданған шешiм үшiн алғысымды бiлдiремiн», - дедi Т.Құлыбаев.

Дереккөз: bnews.kz

25 маусым 2014, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.