Атырау, 19 сәуір 16:55
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Өз ұлын өртеп жіберген алматылық әйелге үкім шықты

2 353 просмотра

Астана. 20 маусым. Baq.kz – Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен өзінің баласын өлтіргені үшін 1967 жылы дүниеге келген әйел сотталды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Оқиға 2013 жылдың қараша айында орын алған. Кешкі уақытта К. және оның азаматтық некедегі жолдасы, К-нің ұлы мен оның жолдасы бірге отырып ішімдік ішкен. Түн ортасында анасы мен ұлының арасында жанжал орын алып, ұлы анасына қол жұмсаған көрінеді. Бұған ашуланған К. жерде тұрған канистрадан ұлына бензин шашып, сірінке жағып, лақтырып жіберген.

«Үстін от шарпыған жігіт далаға жүгіріп шыққан. Оған жолшыбай кетіп бара жатқан азамат отты өшіруге көмек көрсеткен. Кейін ол жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде бірнеше күннен кейін алған жарақаттарынан жан тапсырған», делінген хабарламада.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен «К» ҚР ҚК-нің 96 бабы 2 бөлігі «Д» тармағымен кінәлі деп танылып, аталған баппен оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын өтеу түзеу колониясының жалпы режимінде белгіленді.

Дереккөз: baq.kz

20 маусым 2014, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.