Атырау, 28 наурыз 14:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Нұрлыбек Ожаев Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды

5 110 просмотра

Нұрлыбек ОЖАЕВ.Нұрлыбек ОЖАЕВ.Бүгін, 19 маусым күні Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ активке облыс орталығы - Атырау қаласының жаңа әкімін таныстырды. Ол - бұдан бұрын облыстың Исатай ауданы әкімдігін басқарған Нұрлыбек ОЖАЕВ.

Серік АЙДАРБЕКОВ Атырау қаласы әкімінің лауазымын 2012 жылдың тамызынан бастап атқарған болатын.

- Ол өте сауатты әрі болашағы зор, - деді Ізмұхамбетов ҚР президенті әкімшілігіндегі жұмысқа ауысып жатқан С.Айдарбеков жөнінде.  

Жаңа әкім Нұрлыбек Ожаев 1964 жылы туған. Өзінің жұмысын 1986 жылы комсомол органдарынан бастады. 1992-2003 жылдары Махамбет ауданының мемлекеттік басқару органдарында түрлі лауазымдарды атқарды. Қала әкімі аппаратының жетекшісі болды, «Аджип ҚКО» компаниясында жұмыс істеді. Қала әкімі лауазымына тағайындалмас бұрын Исатай ауданы әкімдігін басқарды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

19 маусым 2014, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.