Атырау, 20 сәуір 21:02
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жылыойлық шаруалар жатыпішер емес

10 062 просмотра

Соңғы жылдары Жем өзенінің тасымай қалуы ауыл шаруаларын тығырыққа тіреп қойған еді. Үш жыл қатарынан тасымаған су биыл көл-көсір боп келіп, арналарды толтырып-ақ тастады. Мол судың пайдасын көріп қалмақ болған шаруалар да кетпендерін жаппай қолға алды.

Жылыойлық шаруалар өте еңбекқор. Оларды еріншек деуге болмайды. Бұрын тасымал суға тәуелді болып жүрген кездерінде де олар қарап жатпаған еді. Аз болса да, бірдеңе шығаратын. Ал Жем өзені арнасынан асқан биылғы жағдай еңбек етем деген адам үшін қолайлы болып тұр.

Жылой аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Нұртас ҚУАТБАЕВТІҢ мәлімдеуінше, биыл сегіз егінші алпыс гектарға егістік егіп, күтіп-баптауда. Тіпті былтыр су тапшылығын жыл сайын бастан кешіргендіктен «Бірлік» шаруа қожалығы Батыс Қазақстанға барып егін еккен еді. Ал биыл осы «Бірлікпен» қатар, «Аман‑есен», «Мереке», тағы басқа шаруа қожалықтары көп мөлшерде егін салып отыр.

‑Ауданда егін егуге ынта танытып отырғандар мұнымен шектелмейді, тек су болмай қала ма деп қорқады. Сондықтан облыс әкімі егін егуге құлшыныс танытқандарға Махамбет ауданынан жер алып беруге көмектесуде. Тек егін салып қоймай, басқа да шаруа түрлерімен айналысқысы келетіндерге жер берілмекші. Бұл да болса үлкен көмек қой,‑дейді Н. Қуатбаев.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 маусым 2011, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.