Атырау, 19 сәуір 20:58
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Чек соқтырып, көлік ұтып ал

2 632 просмотра

«Чек талап ет те, автомобиль ұтып ал». Осындай атаумен Атырау облыстық салық департаменті әкімдікпен бірге акция өткізбекші.

Бізде сауда және қызмет көрсету саласының қызметкерлері чек соққанды ұната бермейді. Мұның салдары сатып алушылар үшін қолайсыз (жарамсыз тауарды қайтара алмайды) болады және бюджетке бересілерді көбейтеді. «Биылғы жылы салық комитеті кассалық тәртіпті күшейтуге ерекше көңіл бөлуде, - дейді Атырау облыстық салық департаменті бастығының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВА. – Атап айтқанда, әкімдікпен бірлесе отырып, чегі бар сатып алушылар үшін көлікті ұтысқа тігу акциясын өткізуді ұйғардық. Акцияның болжамды уақыты – тамыз-қыркүйек айлары деп белгіленіп отыр».

Тұтынушылардың қаперіне: егер сізге тауарға немесе көрсетілген қызмет үшін кассалық чек беруден бас тартқан болса, сіз 45-15-12 нөмірлі сенім телефонына ауызша соғып, хабарласа аласыз немесе салық департаментінің taxatyrau.kz сайтына электронды түрде немесе хат жазып, салық департаментінің ғимаратында орналасқан шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне салуларыңызға болады. Шағымға қол қоюды ұмытпаңыз. Анонимдік хаттар қаралмайды. Шағымдар күн сайын сағат 18.00-де шығарылады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 маусым 2011, 00:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.