Атырау, 25 сәуір 16:09
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бразилия президенті: біз әлем чемпионатын бастауға толығымен дайынбыз

1 861 просмотра
Бразилия 2014 жылдың 12 маусымы мен 13 шілдесі аралығында өтетін футболдан әлем чемпионаты-2014 өткізуге толығымен дайын. Бұл туралы ел президенті Дилма Роуссефф телеарналардан мәлім етті, деп хабарлайды ИТАРР-ТАСС.
Әлем чемпионаты Бразилияның 12 қаласында өтеді.

«Бразилия әлемдік біріншілікті өткізуге дайын. Бразилия құшағын кең жайып, бүкіл елдердің футболшылары мен жанкүйерлерін қабылдауға дайын отыр. Алдағы айтулы шараны абыроймен атқаратанымызға сенемін», - дейді Дилма Роуссефф.

Естеріңізге саламыз, 4 жылда бір келетін футболдан әлем чемпионаты 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтіп, Испания құрамасы чемпион атанған болатын. Биылғы біріншілікте кімнің бағы жанарын уақыт көрсетеді. Дегенмен, бұл додаға Еуропа мен Оңтүстік Африканың Германия, Италия, Англия, Аргентина сынды мемлекеттері командаларын сақадай сай етіп дайындап келері анық.

Дереккөз: bnews.kz

11 маусым 2014, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.