Атырау, 20 сәуір 04:54
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ұлттық банк қалай Қазақстан халқының сенімінен айрылды

3 080 просмотра

Фото: kapital.kzФото: kapital.kzАлматы. 9 маусым. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың мәлімдемесінен соң дежавью әсері - бұрын оның бәрі болғандай әсер туындайды. Ал Қайрат Нематұлы ұлттық валютаның девальвациясының екінші толқыны болмайды дей отырып, ол әңгімелердің барлығы қауесет деп қадап айтты. Бірақ бас банкир алдап отыр: оның басшылығымен ақпан айында жүргізілген девальвация - теңге бағамының күрт құлдырауы дәл сол екінші толқын еді ғой.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін Ұлттық банк басшысының 2 маусымда үкімет отырысында айтқандарын келтірейік: «Девальвацияға ешқандай негіз жоқ. Бүгіндері мұнай бағасы жоғары, ресей рублі нығайып келеді. Тіпті ол аздап арзандаса да, ол бізді қорқытпайды. Мен бізде беріктіктің қоры жақсы жасалған деп есептеймін. Сондықтан халықта айырбас бағамы туралы алаңдауға ешқандай негіз жоқ».

Осыншама сабырға шақырып айтылған әңгімеден соң, енді оның алдында болған Ұлттық банк экс-басшысы Григорий Марченконың 2009 жылғы ақпан айындағы теңге бағамының күрт құлағаннан кейін айтқандары еске түседі. Сол кезде Григорий Александрович әр баспасөз мәслихатында девальвацияның екінші толқыны туралы әңгіме алып-қашпа сөз, ұлттық валютаны 150 +/- 3 деңгейге дейін түсіру жеткілікті болып табылады деп сайрады. Әрине, сол кезге жеткілікті. Сондықтан Келімбетов та ешқандай жаңалық ашпады, оның алдындағы басшының айтқан сұлбаларындағы үйреншікті мәлімдемені айта бастады.

Ең бастысы ол емес, ең бастысы - Ұлттық банктің халықты сабырлыққа шақырған мәлімдемелеріне енді кім сене қояр екен? 2009-шы және 2014-ші жылғы жарияланған екі девальвациядан кейін халықтың Ұлттық банкке деген сенімінен түк те қалмады ғой. Оған Г. Марченко көп айтатындай, «жаулары» - әдетте, айырбас пунктері мен журналистер емес, ең алдымен реттеушінің өзі, оның қазіргі және бұрынғы төрағалары айыпты ғой.

Ұмытып қалғандар болса, қайталап естеріне салайық: 2009 жылғы ақпан айындағы девальвация алдында да Ұлттық банк пен оның басшылары девальвацияға ешқандай негіз жоқ деп дұғадай қайталай берді емес пе. Ақиқат үшін айтсақ, ол 2009 жылы Ұлттық банк басшылығына Әнуар Сәйденовты Григорий Марченко алмастырмай тұрғанда басталған.

Сондықтан Қайрат Нематұлы Григорий Александровичтен де асып түсті. Ұлттық банк 21 қаңтарда, девальвациядан үш апта бұрын арнайы хабар таратты емес пе. Онда ұлттық валютаны күрт құлатуға ешқандай негіз жоқтығы туралы айтылды: «Сыртқы экономикалық қолайлы жағдайда, Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтылықта теңге девальвациясына себеп жоқ. Ал айырбас бағамындағы аздаған тербелістер ағымдағы экономикалық жағдайлардағы тербелістерге сай орын алып отыр.

Ұлттық банк айырбас бағамына қатысты бұрынғы саясатты жүргізе береді. Валюталық нарықтағы интервенция теңгенің айырбас бағамындағы күрт тербелістерді түзету мақсатында, нарық қалаған бағытқа ешқандай әсер етпей жүргізіліп отырады. Қазір валюталық нарықтағы жағдай тұрақты және Ұлттық банк тарапынан тұрақты бақылауда тұр». 

Бұл ретте Ұлттық банк тарапынан осындай мәлімдемелер үнемі таратылып тұрғанын айтуымыз керек. Мысалы, былтыр жазда реттеуіш мәлім еткендей, валютамыз «төрт жылдан бері тұрақты, оған себеп - әлем нарығына шығарылып жатқан қазақстандық экспорттың негізгілеріне деген баға тұрақтылығы мен төлем балансының жағдайы». Осының негізінде Ұлттық банк «теңге девальвациясына деген орта мерзімдік кезеңге себеп жоқ» деген қорытынды шығарды.

Олардың айтқандарын мұқият қайталап отырғаным үшін кешірім сұраймын. Бірақ ол монертарлық биліктің биыл 11 ақпанда түк болмағандай, арнайы брифингте Қайрат Келімбетов кезекті рет ұлттық валютаның девальвациясы (19%-дай шамасында - ҚазТАГ) туралы мәлім еткенде, және валюталық дәлізді 185 +/- 3 теңге деп бекіткенде биліктің шектен шыққан арсыздығын бағалау үшін керек болып отыр.

Осындан соң Ұлттық банктің айтқандарына сенуге бола ма деген сауал туындайды. Ал Ұлттық банк экономиканы долларсыздандыру жөніндегі өзінің жоспарын қаншалықты орындайды?

Одан басқа, тек Ұлттық банк емес, сонымен қатар үкімет шенеуніктері де шектен шыққан арсыздық танытты. Тіпті олар ешкім, ешнәрсені білмейтіндей етіп жарыс ұйымдастырғандай әсер қалды. Мысалы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев теңге девальвациясы туралы интернеттен естідім деп мәлім етті. Бірақ бірнеше күннен соң Қайрат Келімбетовтың айтуынша, девальвация туралы шешім жарты жылдан бері дайындалып жүріпті! Осыдан кейін ол туралы интернеттен білдім деген Досаевқа кім сенеді?

2009 жылы да осындай жағдай байқалған. Сол кезде теңгенің күрт құлауының қарсаңында қаржы вице-министрі Руслан Даленов халыққа артық долларларын сатуға кеңес берді, себебі Қазақстан валютасының әлсіреуіне негіз жоқ екендігін мәлім етті, ал сол кездегі экономика министрі Бақыт Сұлтанов девальвация ұзақ уақыт 10% шектен шықпайды деп халықты тыныштандырған. Олардың пікірін тыңдағандар ақыр соңында ұтылды, ұтылғанда да  мықтап ұтылғанын айтудың керегі бар ма? Егер теориялық тұрғыдан үкіметте теңге бағамының алдағы құнсыздануы туралы шынымен де білген жоқ дер болсақ, онда кінәлі мемлекеттік қызметкерлер теңге күрт құнсызданғаннан кейін отставкаға кету керек болатын.  Дамыған елдерде лауазымды тұлғалар жіберген қателіктері үшін осылай жасайды.   Билік қаласа тұрғындарға ірі көлемде материалдық шығын келтіргені үшін кінәлілерді тіпті қылмыстық жауапқа да тартуға болар еді.   Ал осы жағдайда біздің құқыққорғау органдарымыз қайда қарап қалды?

Қазақстан дамыған мемлекеттер қатарына кірмейтіндіктен жеңілдік жасайық.  Сөйтейік те шенеуніктердің жәдігөйлігі мен олардың өз тақтарынан айырылғылары  келмеу себебін  аталмыш жағдайға өз бетінше талдау жасау арқылы түсіндіріп көрелік. Тұрғындар арасында тағы да бір девальвация болады деген қауіп Ұлттық банк төрағасының «теңге бағамы бойынша тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ» деген мәлімдемесіне қарамастан, ағымдағы жылдың ақпан айындағы теңгенің күрт әлсіреуінен кейін   әлі де сақталуда.   Тек қауіп сәл азайған, 2009 жылғы девальвациядан кейінгі жағдай секілді.

Оларды бағалап көрелік. Ол үшін ұлттық валютаның күрт төмендеуінен кейін Қазақстаның төлем балансы бойынша деректер болмағандықтан, Ұлттық банктің алтын валюталы резерві (АВР) мен М1 ақша массасы арасындағы  көрсеткішті алуға болады, оған қолма қол ақша мен теңге түріндегі аударылатын депозиттер кіреді.  1 мамырда АВР кезіндегі  $28,4 млрд пен $19,2 млрд деңгейіндегі М1 барысында ескі теңге бағамы бойынша ақпан айындағы девальвация алдында   жаңа теңге бағамы бойынша ол $2 млрд-ның орнына   $9,2 млрд құрады.

Басқаша айтсақ, 1 ақпанда өзінің АВР есебінен Ұлттық банк теңге түріндегі барлық ақша массасын сатып ала алған болса, онда реттеушіде тек    $2 млрд резерв қалады, онда бұл сан 1 мамырда    шамамен $9,2 млрд-ға көбейеді. Неге шамамен? Себебі  М1-де ұлттық валютада аударылатын депозиттерден басқа, басқа да теңге салымдарының түрлері енгізілмеген, ал олар бойынша Ұлттық банкте деректер болмағандықтан, олардың көлемін өз бетінше өлшеуге мүмкіндік жоқ.   Дегенмен девальвация қаупін бағалауға қарапайым индикатордың бірі ретінде АВР мен М1 арасындағы айырмашылық көрсеткіші де жеткілікті.

Сонымен келтірілген сандардан қандай қорытынды шығаруға болады?  Сөз жоқ: теңге бағамының кезекті төмендеу қаупі барынша азайған және олардың жүзеге асуы да неғайбыл.     Дегенмен екі маңызды сәтті ұмытуға болмайды.  Біріншіден, ол күрт девальвация болуы есебінен орын алуы мүмкін, ал егер тікелей айтсақ - жаңа бағам бойынша доллар есебіндегі заңды және жеке тұлғалардың теңге түріндегі кірістерінің жасанды төмендеуі. Яғни, Ұлттық банктің бағам ұрлығы есебінен. 

Екіншіден, реттеушінің «теңге бағамының 185+/-3 теңгеге дейін түзетілуі мүмкін» деген мәлімдемесі шикізат бағасы күрт арзандап кетсе, қазақстандық экспорттың басқа түрлеріне деген сұраныстың төмендесе, импортс күрт артса және ресей рублі мықты әлсіресе  бұл сандар жеткіліксіз болып қалуы  мүмкін. Мұның жаһандық экономика мен әлемдік саясаттағы сақталып отырған жағымсыз тенденциялардың салдарынан орын алуы мүмкін екенін бірде бір сарапшы теріске шығармас.   Бұл басқа әңгіменің тақырыбы.

Дереккөз: ҚазТАГ

9 маусым 2014, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.