Атырау, 29 наурыз 13:18
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ойлайтын ешкім жоқ

2 657 просмотра

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміндегі қағазбастылыққа қатысты бизнесмендердің шағымдары Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстелде талқыға салынды.  

2013 жылдың сәуірінде-ақ кәсіпкер Мәдина ҚОЖАҒАЛИЕВА қалалық сәулет бөліміне жер телімінің мақсаттық қолданылуын өзгерту, нобайлық жобасын мақұлдау және телімді кеңейту жөнінде өтініш берген. Әлі күнге дейін жауап болмады. Сол сәтте дөңгелек үстелге келген қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің заңгері Сағындық ХАСАН оған бұрын жазылған жауапты ұстатты: кәсіпкерге сол жерде қойма құрылысы басталғандығын, ал іс жүзінде мәдени-сауда орталығы болуы тиіс екендігін желеуретіп, жер телімінің мақсаттық қолданылуын өзгертуден және кеңейтуден бас тартыпты. Алайда ешбір құжатта құрылыстың мақсаты көрсетілмеген, әзірге тек қабырғалары ғана тұрғызылған. Өтініштің осыншама ұзақ қаралуын С.Хасан материалды мұқият тексеру қажеттілігімен, асығыс шешім шығармас үшін ойланып әрекет ету керектігімен, сондай-ақ, кадрлардың көптеп кетуімен түсіндірді. Ал қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Назгүл ЖҰМЕКЕЕВА қалыптасқанахуалда бас тарту үшін орынды себеп жоқ екендігін айтты.

Жылдан астам уақытта қалалық сәулет бөлімінде қаланың ескі бөлігінен «РетроКлуб» жобасы мен құрылыс туралы «АтырауСтройДизайн» ЖШС ұсынысы да жатыр екен. Дөңгелек үстелге қатысушылар ЖШС басшылығына тамыздың соңында аяқтау жоспарланып отырған Атырау қаласының толық бас жоспарын дайындағаннан кейін қалалық әкімдікке хабарласуға кеңес берді.

Бұдан басқа, Кәсіпкерлер палатасының басшылары қала әкімімен кездесу ұйымдастыруға қолдау көрсетуге уәде берді. Тараптар қызмет сапасын жақсарту, қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміндегі халыққа автоматтандырылған қызмет көрсету жүйесін енгізу ұсыныстарын бірлесе дайындауға және оларды облыс әкімінің қарауына енгізуге келісім жасады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.