Атырау, 29 наурыз 12:16
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Апат себебі – майысқан рельстер

2 890 просмотра

28 мамырда көлік және коммуникациялар министрлігі және «Қазақстан Темір Жолы» АҚ 19 сәуірде «Алматы-Атырау» жолаушылар пойызының 13 вагонының рельстен шығып кету себебін мәлім етті. Бұған «Сағыз - Мақат» учаскесінде рельс өрімінің сапасыз дәнекерленуі салдарынан темір жол желісінің майысуы себеп болған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК-ның 12 лауазымды тұлғасы жұмыстан шығарылып, 2 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы туралы хабарланды. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 295-бабы («Темiр жол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзу») бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аяқталмаған және айып тағылмаған. Сарапшылар әлі өз қорытындыларын бермеді – сарапшылардың қорытындылары тек маусымның аяғында болады деп күтілуде.

- Бұл мәлімдеме тергеу ісінің аяқталуына негіз болмайды, -дейді Атырау облыстық бас көлік прокуроры Болат ҚАЛЫҚОВ. – Бұл тек ведомостволық мамандар жүргізген ҚТЖ-ның қызметтік тексеру нәтижелері. Қазір біз сарапшылардың қорытындысын күтіп отырмыз, ол ҚТЖ мен көлік және коммуникациялар министрлігінің қорытындысымен салыстырылатын болады. Егер айырмашылықтар анықталса, прокуратура жаңа сараптама тағайындайды. Бұл қылмыстық іске тек айып тағуға құқығы бар тергеу ғана нүкте қояды,

Зардап шегушілер ҚТЖ-ның сақтандырушы серіктесіне жүгінген екен, алайда өтемақылар әлі төленбеген. Біздің жарияланымыздың кейіпкерлерінің бірі Роза КИМ Сағың сынбасын») қазір Алматыдағы жеке емханалардың бірінен ем алып жатыр. Оның айтуынша, Атырауда болғанда ауыздың шырышты қабығының жұмсақ тіндеріне дұрыс күтім жасалмағандықтан асқыну процесі басталған. Оның салдарын алматылық дәрігерлер жоюға жұмыстануда.

- Біздің сақтандырушыларға жүгінгенімізге көп болды, бірақ олар ҚТЖ-ның тергеу актілерін күтті. Олар алынған соң, сақтандыру компаниясы төлемақыны енді ғана жасай бастады. Күнтізбелік 15 күн ішінде төлеуге уәде берді, - деді телефон арқылы зардап шегушінің қызы Ангелина АН. – Алайда бет-әлпетін қалпына келтіруге бұл ақша, әрине, жетпейді. Бұл негізгі операцияларды жарты жылдан кейін бастап жасай бастайды. ҚТЖ-дағылар қаржылық көмек көрсету туралы өтініш жазуға кеңес берді. Комиссия шешім шығаратын болады. Бас тартқан жағдайда біз сотқа жүгінеміз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

29 мамыр 2014, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.