Атырау, 20 сәуір 10:29
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Өтініш мерзімі ескірген

1 640 просмотра

– 2012 жылы мен «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша мал сатып алуға 2 млн теңге алу үшін «Индер Мақсатқа» құжаттар тапсырдым. Әлі күнге дейін жауабын күтіп жүрмін. Менің ұлттық кәсіпкерлер палатасына қояр сұрағым бар. Өтініштерді қарау мерзімі қандай?

Марат Қонасов, Есбол ауылындағы шаруа қожалығының басшысы (Индер ауданы)

Сұраққа Атырау кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Ардақ ТӨКЕНОВА жауап берді:

– «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шарттарына сәйкес, бүкіл өтініштерді екінші деңгейлі банктер қарайды. Өтініштерді қарау мерзімі жоба мақсатына байланысты болады және ол банктің ішкі процедураларымен реттеледі. Банктің оң жауабы келген жағдайда жоба жергілікті деңгейдегі бағдарлама үйлестірушісіне (бұл жағдайда кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы) жіберіледі. Ол жерде консультативтік-кеңес органының (РКС) шешімі шығарылады. Өтінішті қарау мерзімін РКС реттемейді. Айта кету керек, сонымен қатар 2010 жылғы 10 маусымдағы (31.12.2013 жылғы өзгерістермен және толықтыруларымен бірге) №556 үкімет қаулысының 17-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, егер несиелеу жылдық 14 пайыздан асатын номиналдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша жүзеге асырылған болса, жоба РКС-қа шығарылғанға дейінбанктің бергеніне 6 ай толған қолданыстағы несиелерді субсидиялау тек банк номиналдық сыйақы мөлшерлемесін жылдық 14 пайызға дейін және валюталық несиелер бойынша жылдық 12 пайызға дейін азайтқан жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Бұл сіздің 2012 жылы «БЖК-2020» бағдарламасына қатысуға берген өтінішіңіздің мерзімі өтіп кеткендігін білдіреді. Бұдан басқа, сіздің өтінішіңіз «Индер-Мақсат» мекемесіне берілген. Бұл бағдарлама шарттарына сай келмейді және бағдарлама бойынша соңғы өзгерістер пакетіне сәйкес, «БЖК-2020» бағдарламасының шеңберінде агробизнесті дамытуға қаржылар берілмейді. Ағымдағы жылдан бастап малды сатып алуға өтініштерді «Агронесие Корпорациясы» АҚ операторы қабылдайды.

29 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.