Атырау, 19 сәуір 08:04
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қолайсыз диагноз

1 864 просмотра

– 18 жасымнан бастап невропатолог тіркеуінде қалшылдатқан сирек ұстамасы бар «зақым алғаннан кейінгі энцефалопатия» деген диагнозбен есепте тұрмын. Менің мүгедектігім жоқ, 18 жастан бастап жұмыс істедім. Бірде-бір дәрігер бұл диагнозды менің санитарлық кітапшама көрсетіп жазбады. Соңғы медициналық тексеру кезінде №1 емхананың терапеві бұл диагнозды санитарлық кітапшаға жазып қойды. Енді жұмыс берушілер мені жұмысқа алудан қауіптенетін болды. Диагноздың менің жұмысыма еш әсер етпейтіндігін, ұстаманың, шамамен, жылына бір рет қана ұстайтынын түсіндіремін. Мен кір жуушы болып жұмыс істеймін. Жұмысым -  кір-қоңды машинаға салып, түймені басу. Менің санитарлық кітапшама осыны көрсетуге терапевтің құқығы бар ма немесе кодпен шектеуге болатын ба еді?

Телефон арқылы

Сұраққа №1 емхананың бас дәрігері Еркінбай ҚУАНОВ жауап берді:

– Егер пациент невропатологта белгілі бір диагнозбен есепте тұрған болса, терапевт оны санитарлық кітапшада көрсетуі тиіс. Әйтпесе, денсаулығы туралы ақпарат нақты болмайды. Оның үстіне, ол адам механизацияланған өндірісте еңбек етеді. Қауіпсіздік техникасы тұрғысынан алып қарағанда, дәрігер диагнозды көрсетуге міндетті. Сізге механизмдермен байланысты емес басқа жұмыстар ұсынылуы мүмкін.

29 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.