Атырау, 20 сәуір 17:08
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Астрахандық «Айболит»

2 262 просмотра

Құрманғазы ауданының  Орлы селосында өзін медицина қызметкерімін деп таныстырған ресейлік азаматша анықталды.

Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары Ерлан ХИСМЕТУЛЛИННІҢ айтуынша, Астраханның әлдебір тұрғыны селоға келіп, жергілікті тұрғындарды дәрігерлік тексеруден өткізе бастаған. Әрине, оның қызметі тегін емес, бір сеансы үшін ол 2500 теңге алып отырған. Ол осынау қызмет көрсету барысында «Гармония+1» кешенді тестілеу аппаратын қолданған.

РФ азаматшасына бақылаушы органдар тексеру жүргізген кезде оның лицензиясының, тіпті, медициналық білімінің де жоқ екендігін анықтаған. «Келімсек дәрігерге» 10 АЕК көлемінде (15 120 теңге) айыппұл салынды.

Лев ГУЗИКОВ

16 маусым 2011, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.