Атырау, 29 наурыз 15:48
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Коммуналдық террор: Нұрсая ыстық сусыз қалды

2 486 просмотра

Облыс орталығындағы Нұрсая ықшамауданында 2,5 мың пәтерде 10 күннен бері ыстық су жоқ. «ҚазТрансГаз Аймақ» бережақ салдарынан ықшамауданның қазандығына газ жеткізуді тоқтатты.

Қарапайым қызметсіз қалған адамдардың көпшілігі уақытында төлемақы төлеп тұрған. Бірақ олар бөгде адамдардың қарыздары үшін зардап шегуге мәжбүр. Олардың көршілері жылдар бойына төлемақы төлемей отыр.

- 30%-ы тұрақты түрде төлемейді, - деп растады, осы үйлерге қызмет көрсететін «Атырау қаласындағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС директоры Асылбек МҮЛІКОВ.

Өткен жылы да қыркүйек айында монополист осындай жолмен өз ақшасына қол жеткізген кезде ол осылай айтқан еді («Газсыз қалған сектор»). Сол кезде қарыз 4,5 миллион теңгені құрады. Рас, қызмет көрсетуші райынан қайтып, «...коммуналдық қызмет» ЖШС-нің кезекті келісімін алып, бір аптадай уақыттан соң ысырманы ашқан болатын. Сол уақыттан бері қарыз 6,5 миллионға дейін өсті.- 3,5 миллионды біз төледік, шамамен 3 миллиондай қалды. Әзірге бәрін төлемейінше, ҚТГА газды қоспайды, - деді Мүліков, содан соң ауырып тұрғанын айтып, мені өзінің орынбасары Зұлқаш НӘУБЕКОВКЕ жіберді.

Бірақ оның ұялы телефоны да, қалалық телефоны да жауап бермеді. Кейін Мүліков те жауап бермеді. Алайда ЖШС басшылығына қояр сұрақтарымыз қалды.

Тұрғындардың үштен екі бөлігі уақытымен төлеп тұрады, ал баспалдақ алаңындағы көршілері бүкіл ережелер мен заңдарды елең қылмайтындықтан, оларға қызмет көрсетілмей отыр. Кім кінәлі? Уақытында төлеп тұратын тұрғындар ма? Жоқ. ҚТГА ма? Жоқ, компания тауарды жеткізді, енді төлемақысын алғысы келеді. Бірақ монополисттің қисынды көрінетін талабына қарамастан, оның әрекеті заңгерлердің көзқарасы тұрғысынан заңсыз болып табылады. Өткен жылдың қыркүйегінде адвокат Әбілғазы НАҒИЕВТЫҢ осы секілді ахуалға берген комментарийін еске салайын:

– Бұл әрекеттер қалай еткенде де заңсыз. Түсіндірейін: Азаматтық кодекстің 490-бабына сәйкес, мемлекеттiк энергетикалық қадағалау органы энергетикалық қондырғылардың қауiпсiздiкке қатер төндiретiн қанағаттанғысыз жай-күйін тіркеген жағдайды қоспағанда, энергияны үзiлiспен беруге тараптардың келiсiмi бойынша жол берiледi. Яғни, энергия беруші мекеме қызмет беруді тоқтата тұратындығы жөнінде абоненттерге алдын ала ескертуі тиіс. Қызметті бір тарапты тәртіппен ажыратып тастау, тек егер тұтынушы тұтас тұрғын кешені емес, азамат/абонент болып табылған жағдайда ғана жол беріледі. Бұл жағдайда қосалқы абоненттерге нақты қызмет ұсынатын ЖШС басқарушылары бірден бүкіл тұтынушыларды емес, жекелеген абоненттерді, нақты борышкерлерді су жылыту қызметінен ажыратуына болар еді. Олардың мұндай заңды өкілеттіктері бар.

Ендеше, құзырында айлар, тіпті жылдар бола тұрса да, қызмет көрсетуші компания неліктен борышкерлерді нүктелі түрде ажыратып тастамаған? Бір ай мерзім төленбесе, бұл сотқа жүгінуге заңды негіз болар еді. ЖШС сотта үйіліп қалған өзінің көптеген талап арыздарына сілтейді. Кезекті дағдарысқа қарағанда, ұзаққа созылған сот процестері табысты аяқтала қоймаған секілді.

Бірақ біздің елімізде жеке сот орындаушылар институты  төрт жылдан бері қызмет етіп келеді. Ендеше, қарыздарды өндіріп алу үшін неліктен кәсіпқойларды жалдамасқа - олардың қызметтерін неліктен жауапкердің есебінен төлемеске? Бәлкім, бұл сценарийлер үстірт ойлайтын адамның қиялы ғана шығар, алайда оларды қызмет көрсетуші компанияның мамандары менімен талқылауды қаламады.

Зульфия  БАЙНЕКЕЕВА

2 мамыр 2014, 02:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.