Атырау, 20 сәуір 14:42
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Оқиғалар тізбегі

2 993 просмотра

Амангелді ауылының маңындағы Атырау-Дамбы тас жолында полицейлер 23 жастағы Атырау қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Приора» көлігін тоқтатты. Көліктің жүк салғышынан көлікті жууға арналған пластик шелектің түбінен 2 келі қара уылдырық табылды. Тексеру жүргізілуде. Уылдырық тәркіленді.

***

 

Полицейлер Атырау-Астрахан тас жолының бойындағы өндірістік базада 31 наурызда қарақшылық жасады деп күдіктелген үшеуді ұстады. Қаскөйлер күзетшіні ұрып-соғып, оның қалтасынан 800 теңгесін алып, базадан 400 мың теңгелік құрылыс материалдарын алып кеткен. Үшеуі де Махамбет ауданының Алмалы селосының тұрғындары.

***

Сәуірдің 28-де кешкісін қаладағы мейрамханалардың бірінде мангал қатты түтіндеген. 101 пультіне сағат 17.56-да хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бір өрт сөндіру машинасы жетіп, түтінді өшірді. Бұл кезде мейрамханада келушілер болмаған.

***

Полиция Қызылқоға ауданының Миялы селосынан ГАЗ-53 жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісін ұстады. Ол биліктің рұқсатынсыз өз үйінің ауласына Ойыл өзенінің жағасынан екі рейс топырақ төгіпті. Тексеру жүргізілуде.

***

Соңғы екі күнде «Құқықтық тәртіп» операциясының шеңберінде облыс бойынша 40 қылмыс тіркелді. Оның 26-сы, сондай-ақ, бұрын жасалған тағы 8 қылмыс ашылды. Үш адам суық қару ұстап жүргені үшін, екі адам – есірткі (марихуана) сақтағаны үшін ұсталды. 1 575 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, соның ішінде 84-і - кәмелетке толмаған  жасөспірімдердің сағат 23-тен кейін көшеде жүруі, 32-сі – ішімдік ішіп көлік жүргізу бойынша.

***

Сәуірдің 29-да кешкісін Атырау-Пешной тас жолында су полициясы «Лада» көлігін тоқтатты, оның жүксалғышынан 32 келі бекіре еті салынған полиэтилен сөмке табылды. Тексеру жүргізілуде.

1 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.