Атырау, 29 наурыз 00:26
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Отбасының бір мүшесі атану

2 448 просмотра

№1 интернатта облыстық және қалалық білім беру бөлімдері, Жасөспірімдер үйі, отбасылық үлгідегі балалар ауылы өкілдерінің және ықтимал асырап алушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

НЕ ҮШІН БАСТАДЫ?

Бұл шараның өтуіне ТШО-ның қолдауымен «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» («ҚТҰ») ҮЕҰ жүзеге асырған «Жаңа өмір» жобасының жалғасуы түрткі болды. Ол «Асырап алушы ата-аналар мектебі» (ААМ) және «Жетім балаларды интернаттан кейін сүйемелдеу» деген екі бағыт бойынша жұмыс істейді. Өткен жылы ААМ-де 49 ықтимал асырап алушы дәріс алды. ҮЕҰ болашақ асырап алушы ата-аналар үшін арнайы әдістемелік құралдар шығарған.

Биыл асырап алу процесін анағұрлым ашық етуге жұмыстанатын боламыз. Адамдар қандай сатылардан өту керектігін білуі қажет, - дейді «ҚТҰ» жетекшісі Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ.

ААМ жұмысы туралы әңгімелегенде, жоба мамандары кейбір ата-аналардың оқу барысында іс жүзінде бала асырап алғысы келмейтіндігін түсінетінін атап өтті. Мәселен, кейде бала асырап алу әйелінің идеясы болып, бұған күйеуінің қарсы екені анықталып жатады. Асырап алғанға дейінгі және кейінгі уақыттарда біраз қиындықтар туындайды. Мамандар бір жағдай туралы әңгімелеп берді: ата-аналар бастапқыда екі бала алған, содан соң әйелі оларды кері қайтаруды ұйғарады (күйеуі ол кезде вахтада болған). ААМ қызметкерлері жағдайды анықтауға барады. Сөйтсе, балалар ерлі-зайыптылар жалға алып отырған уақытша тұрғызылған суық баспанада аштан-аш отыр екен. Тоңазытқыш іші бос. Әйел жарылып кетуден қорқып, газбен жылыту жүйесін үйден шыққан кезде ажыратып кетеді екен. Ал, ерлі-зайыптылар жалға алған үйдің иесі кетер кезде учаскенің қақпасын бекітіп кетіпті. Оның әдеті сондай екен. Нәтижесінде ААМ маманы құлыптаулы үй ішінде қалып, балалармен бірге салқын үйде жарты күн уақытын өткізіпті.

Қамқорлық органдарының балалардың өмір сүру жағдайын асырап алғанға дейін ғана емес, одан кейін де мұқият тексергенін қалаймыз, - дейді «Жаңа өмір» жобасының үйлестірушісі Нелли КУЛИКОВСКИХ .– Көбінесе ата-аналар жылжымайтын мүлік құжаттарын ұсынады. Содан соң олардың іс жүзінде жұмысына байланысты басқа жерде үй жалдап тұратындығы, ал балалардың күні бойы ас-су жоқ, қараусыз қалатындығы анықталады.

БІРІ БӘРІ ҮШІН

Баланы патронаттық тәрбиеге алғысы келетіндер, қамқорлыққа алғысы немесе асырап алғысы келетіндер бірдей проблемамен бетпе-бет келеді: процедура нақты жасалмаған, құжаттарды қарау және шешім қабылдау мерзімі белгіленбеген. Ықтимал асырап алушылар қандай құжаттар ұсыну керектігін білмейді. Қалалық қамқорлық және қорғаншылық бөлімінде мамандар жетіспейді. Басқа міндеттемелерінен бөлек олар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі сотқа қатысулары тиіс. Ал асырап алушылар соттан бөлім қызметкері қайтып келгенше кезекте сағаттап тұрады. Адамдар нақты жауабын ала алмайды, оларды біресе анадай анықтама керек, біресе мынадай керек деп, жүгіртіп қояды. Мұның бәрі процедураны ұзаққа созып жібереді де, адамдардың бастаған ісін жалғастыруға деген бүкіл құлшынысын жойып жібереді. Адамдар баланы, ең болмаса, қонаққа шақыра алуы үшін құжаттарын рәсімдей алмайды. Алда жаз күтіп тұр, егер алдағы айда олар бүкіл құжаттарды жинап, келісім алып үлгермесе, онда баланы тағы үш ай ұмытуға тура келеді. Каникул кезінде интернат тәрбиеленушілері «Қазақстан геологы» пансионатына кетеді.

Балалар қалай еткенде де балалар үйінен кетпес үшін көрінеу кедергілер жасайды-ау деген әсер қалады, - деп дал боладыНелли Куликовских. – Бізге Ресейден мамандар келді. Оларда балалар топ-тобымен отбасыларға кетіп жатқан көрінеді. Ал ол жақта асырап алуға анағұрлым қатаң талаптар қойылған. Бірақ біздердегідей қағазбастылық кедергілер жоқ, қамқорлық органында 12 адам жұмыс істейді. Бізде штат бойынша үш адам болуы тиіс, ал бүгінгі күні біреуі жұмыс істейді.

 

ҰЗАҚ-СОНАР КЕЗЕК

ҮЕҰ қызметкерлері бетпе-бет келген тағы бір күрделі мәселе – интернат мекемелерінің түлектерін баспанамен қамту.  Қазір 780 түлек баспана кезегінде тұр, олардың бірқатары 40 жасқа жақындап қалған.  Олардан басқа кезекте азаматтардың басқа санаттары да тұр. Барлығын баспанамен қамту үшін ондаған жыл қажет болады. Баламалы жолы – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы баспана алу. Оның депозитіне, Алматының мысалына сүйенсек, интернат балаларының жәрдемақыларын аударып отыруға болады. Бірақ олардың бәрі бірдей жәрдемақы алмайды, сомасы да көп емес.

– Басқа облыстардың мысалы бойынша балаларға қамқорлық жасауды өз мойындарына алу жөнінде ірі компанияларға жүгінуге болар еді. Мәселен, Қазцинк ай сайын өз қамқорлығындағы әр балаға 100 мың теңгеден ақша жіберіп отырады, - деп жауап берді отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Гүлсара БОТАТАЕВА.

Жаңалықтарға тоқталсақ. №1 мектеп-интернаттың түлектері интернаттан кейінгі сүйемелдеу жобасының аясында Жасөспірімдер үйінің аумағын абаттандырады. Оларға белгілі бір соманы бөледі, олар сол соманы жеткізулері тиіс. Қажетті материалдарды өздері таңдап алады, содан соң ауланы реттейді. №1 интернатта қолмен безендіру (пішу, тігу, әшекейлер жасау) курстары ашылады, ал қыркүйекте компьютерлік дизайн сабақтары (үш бағдарламамен: фотошоппен, корэлдрау және автокадпен жұмыс) басталады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.