Атырау, 29 наурыз 15:40
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Діни өлең бала өмірін құтқарды

2 546 просмотра
АҚШ-тың Атланта қаласында 9 жасар баланы ұрлаған қылмыскер жарты жолда ойынан айнып, оны қайта босатты. Жәбірленуші Вилли Майриктің айтуынша, қарақшыны тәубесіне діни өлеңдер түсірген. Мектеп баласы жол бойы тоқтамай үш сағат көлемінде діни ән айтыпты. Алғашында ұрының жүйкесі тозып, ашу шақырса, біраздан кейін Құдайды мойындап, баланы босата салған. Әзірге күдікті ұсталған жоқ деп хабарлайды UPI. 

Оқиға болар сәтте Вилли Майрик көшеде күшігімен ойнап жүрген. Кенет белгісіз ер азамат оны күштеп көлігіне отырғызып, дыбыс шығармауын бұйырады. Алайда, Вилли қылмыскерді тыңдамай, үш сағат бойына тоқтамай евангелиялық әндерді шырқапты.
Жүйкесі сыр берген ұры баланы Атланта қаласының іргесіне қалдырып кеткен және болған жайтты ешкімге айтпауын өтініпті. Қазіргі таңда полиция өкілдері мән-жайды анықтап жатыр.

Дереккөз: Baq.kz 

25 сәуір 2014, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.