Атырау, 24 сәуір 01:35
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ташкенттегі бизнес-орталықта жарылыс болды

1 670 просмотра
Ташкенттегі "Лабзак" бизнес-орталығында жарылыс орын алып, төрт адам жараланды. Олар түрлі дәрежедегі күйіктермен ауруханаға жеткізілген. Uznews.net порталы болса жараланғандар санының әлдеқайда көп екенін жазып отыр. "Бірінші қабаттың өзінде 6-7 адам жарақат алған. Олардың үсті қан, естерінен адасып қалған еді" деп жазады аталған портал. 

Ал, CA-News порталының хабарлауынша, жарылыс орын алғаннан кейін ғимараттан және көрші ғимараттардан адамдар қауіпсіз жерге шығарылған. Ал, бизнес-орталықтың өзі болса жартылай қирап қалыпты.
"Ғимараттың төбесі опырылып түсті, аппақ шаңнан түк көрінген жоқ. Ғимарат ішінде адамдардың айқайлап жатқан дауыстарын естідім. Олар көмекке шақырды, өкінішке қарай мен кіре алмадық. Терезеге қарай жүгірдік, жерде бірнеше ер азаматтың отырғанын көрдік. Олардың үсті қан еді" дейді оқиғаға куә болған жергілікті тұрғындардың бірі.
Айта кетейік, кеше кешкісін Ташкенттегі "Лабзак" бизнес-орталығында жойқын жарылыс орын алды. Өзбекстанның ІІМ-і оқиғаны табиғи газды дұрыс пайдаланбаудан болды деп бағалады.

Дереккөз: Baq.kz

24 сәуір 2014, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.