Атырау, 24 сәуір 10:51
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Оқиғалар тізбегі

1 995 просмотра

Атырауда ҚІІБ қызметкерлері Мақат ауданы орталығының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 20 сәуірге қараған түні Әуезов көшесінің бойындағы кафенің 27 жастағы меңгерушісін ұрды деп күдіктеліп отыр.

***

 

Сәуірдің 20-да күндіз СМП-163 ықшамауданында полицейлер 45 жастағы Жұмыскер тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Мерседесс-Бенц» көлігін тоқтатты. Екі жолаушыға – Алмагүл мен Авангард ықшамаудандарының тұрғындарына тиесілі көліктің жүк салғышынан 26 келі бекіре еті табылды

***

 

Сәуірдің 20-сына қараған түні Бесікті поселкесінің маңындағы Жайық жағалауында полицейлер 350 келі қара балық тиеген бортты УАЗ көлігін ұстады. Жүргізуші балықтың 44 жастағы жолаушыға – Бесікті поселкесінің тұрғынына тиесілі екенін айтты.

***

 

Сәуірдің 20-да күндіз Атырау-Орал тас жолының 35-ші шақырымында полицейлер 47 жастағы әйел адам жүргізіп келе жатқан «Тойота-Ландкрузер» көлігін тоқтатты. Салоннан 264 келі қара балық табылды. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Индербор поселкесіндегі «Талап» базарының маңында «ГАЗ» көлігінің шанағын тексеру кезінде 922 келі сазан табылды. Балықтың аса ірі партиясын тасымалдаушыға қатысты ҚР ҚК-нің 183-бабының 1-тармағы («Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

 

Сәуірдің 22-не қараған түні Жанбай шекаралық заставасының учаскесінде 2016 ә/б шекара жасағы бір жарым келі қара уылдырық салынған полиэтилен пакетімен 36 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. ҚР ҚК-нің 183-бабы бойынша («Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату») қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

***

 

Сәуірдің 22-не қараған түні Ганюшкин поселкесіндегі аудандық балалар кітапханасының шатырын өрт шалды. Кітапхана бір қатарлы, 1935 жылы ағаштан салынған. Өрт сөндірушілер шатырдағы өрттің бүкіл ғимаратқа таралуына жол бермей өшірді.

***

 

Атырау обылсы бойынша ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті басқармасы мен ІІД әкімшілік полициясы басқармасының біріккен рейдінің барысында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылса да рөлге отырған 11 жүргізуші ұсталды. Оларға 10 АЕК (18 520 теңге) айыппұл салынды. Тағы бір жүргізуші екінші рет куәліксіз ұсталды. Оған 30 АЕК (55 560 теңге) айыппұл салынды.

24 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.