Атырау, 29 наурыз 00:11
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Төзуге күші қалмаса

1 570 просмотра

– 1 сәуірде мен №4 емханаға барып, хирургтың қабылдауына кірмек болдым. Тіркеу бөліміндегілер менің амбулаториялық кәртішкемнің жоғалып кеткенін айтып, жаңа кәртішке ашу үшін 500 теңге төлеу керектігімді айтты. Біреудің салақтығы үшін мен неге ақша төлеуім керек және пациент үшін өте маңызды құжат қалай жоғалып кетуі мүмкін?

Тіркеу бөлімінің қызметкері дәрігерлердің тек алдын ала жазылу арқылы қабылдайтынын, өте қажет болып тұрған хирургтың қабылдауына тек үш күннен кейін ғана кіре алатынымды айтты. Мен үш күн бойына жан шыдатпайтын аурумен қалай өмір сүрмекпін деген сұрағыма: «Егер ауырса, жеке емханаға немесе ақылы дәрігерге барыңыз» деген жауап алдым. Жазылу бойынша қабылдағанша бірнеше күн бойына шыдай алмайтын пациенттерге не істеуге болады? Егер менің тегін медициналық қызметке заңды құқығым бар болса, неліктен мені жеке емханаға жібереді?

С. А.

Сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ жауап берді:

– Оқырманның сұрағы қалалық №4 емхананың лездемесінде қаралып, оның шынымен де сол күні емханаға жүгінгендігі анықталды. Науқастардың алдын ала жазылуы 05.08.2012 жылғы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №557 бұйрығымен бекітілген «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның тіркеу орнының қызметі туралы нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі. Пациент жоспарлы тәртіпте жүгінген, ал шұғыл көмек берілетін науқастар әрдайым жазылусыз емханаға жүгінген күні қаралады. Үш күн бойына дәрігер қабылдауын күту себебі – емханада бар болғаны бір хирург жұмыс істейді. Ол бұл күндері мектептерге профилактикалық тексеру жұмыстарына жіберілген болатын. Осы себепті алдын ала жазылу бірнеше күнге шегерілген.

Пациенттің амбулаториялық кәртішкесін, шынымен де, ол хабарласқан күні таба алмаған, бірақ ол кейінірек табылды. Медтіркеушінің айтуынша, ол амбулаториялық кәртішке үшін ақы талап етпеген және бұл пациентке жеке дәрігерге барыңыз деп айтпаған. Мұны дәлелдеу қиын. Емханада №025/У нысанды амбулаториялық кәртішке сатылмайды, олардың қоры жеткілікті.

24 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.