Атырау, 19 сәуір 13:51
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сынама -вакцина емес

2 635 просмотра

– Мен 10 жастағы балама Манту сынамасын салғанға қарсымын. Ал мектепте менің бас тартуымды нотариалды түрде куәландыруымды талап етіп отыр. Мектеп әкімшілігі осындай құжат талап етуге құқылы ма?

azh.kzсайтынан

Сұраққа облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВА жауап берді:

– Манту сынамасынан бас тартылмауы тиіс. Өйткені туберкулинодиагностика – бұл вакцинациялау емес. Бұл ағзаның туберкулездің микробактерияларын жұқтырғандығына немесе жұқтырмағандығына байланысты арнайы заңдылығы бар өзіндік аллергиялық терілік сынама. Сынама жасатып, сырқат туралы дер кезінде анықтап, емді бастаған жөн. Мектепте Манту сынамасын балаларға 1-сыныпта, қайталап БЦЖ егудің алдында салады. Ал кейіннен туберкулинодиагностика тек көрсетілімдер бойынша ғана жүргізіледі. Егер 10 жастағы балаға Манту сынамасын салуды ұсынса, бұл оның денсаулығын тексеру қажеттігін білдіреді. Шамасы, бұрын оның оң реакциясы болуы немесе (туыстары бойынша, сыныбы бойынша, т.б.) қарым-қатынаста болған санаттан болуы мүмкін.

24 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.