Атырау, 25 сәуір 06:48
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Аудан жаңалықтары

1 806 просмотра

Жәрмеңке жәрдем бере ме?

Мақатта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Оған «АлмаИнвестГрупп», «ТеміржолҚұрылысАтырау», «ISKER» және «РитмОйл» ЖШС-тері мен «Алина» бөбекжайы қатысты. Жұмыс іздеген 104 адамнан өтініш түсті. Мекемелердің сұраныс талабынан шыққан мамандар мен жұмысшылар таяуда жұмысқа орналастырылмақ.

***

 

Аққыстау көкке оранады

Исатай ауданында тал егу жұмыстары жүріп жатыр. 

Биыл көктемде аудан көлемінде 2400 тал егілді. Таяуда тағы 600 тал егу жоспарда бар. 

- Аудан халқы сазды жерге жасыл-желек өспейді деп ойлайды, - дейдіИсатай ауданы әкімінің орынбасары Мәди ӨТЕҒАЛИЕВ. -Енді ойларын өзгертетін болар. Биыл Индер орман шаруашылығы мамандары топырақ құрамын тексеріп, мұнда бес-алты түрлі ағаш өседі деген қорытындыға келген болатын.

***

 

Төрт мектеп жөнделеді

Исатай ауданындағы Масалимов, Мырзағалиев және Абай атындағы орта мектептер пен Томан атындағы бастауыш мектеп күрделі жөндеуден өтеді.

Оған бюджеттен 325 млн теңге бөлінді. Құрылысшылар жұмысқа оқушылар жазғы каникулға шығысымен кіріседі.

***

 

Баспаналар бой көтереді

Жуырда Аққыстау ауылында 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталады.

Биыл оған 400 млн теңге қаралған. Келісімшартқа сәйкес, келесі жылы пайдалануға берілуге тиіс. Сондай-ақ, биыл бюджет қызметкерлері мен мамандарға арналған 10 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.