Атырау, 19 сәуір 18:44
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Тұрғындар төлемақы төлемеуде»

2 247 просмотра

«АЖ»-ның 3.04.2014 күнгі №15 санында каналдардың құрғауынан малын суара алмай отырған Исатай ауданы Зинеден ауылы тұрғындарының мәселелері жөніндегі «Каналдар құрғап жатыр» атты мақала жарияланған болатын. Біздің жарияланымымызға орай «ҚазСуШар» РМК-ның Атырау филиалының директоры Асылан РЫСЖАНОВ былай деп жауап берді:

«Біздің мекеме Кобякова-Забурын каналы арқылы ауыл шаруашылығына қажетті сумен қамтуды өз міндетіне алып келеді. Алайда, су жеткізуде шешімін таппаған мәселелер жетерлік. Атырау облысында 1992 жылға дейін каналдар бойындағы жайылымдық жерлер мен адамдардың тұрмыстық қажетіне керекті су беру шығындары толықтай республикалық бюджет есебінен төленіп келді. Бірақ кейін бюджеттен қаржы бөлінбеуіне байланысты су беру тоқтап қалды. Соның кесірінен каналдардан күй кете бастады десе болады. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі облыстық ведомствоаралық үйлестіру Кеңесі мәжілісінің 2007 жылғы 8-ші ақпандағы хаттамасына сәйкес, су жеткізу шығынының 90 пайыз үлесі жергілікті бюджеттен, ал қалған 10 пайызы су тұтынушы тұрғындардан жиналуы тиіс болды. Өкінішке орай, сол соманы жинауда және келісімшартқа отыруда көп қиындықтарға тап болып жүрміз. Тұрғындар әртүрлі дәлелдерді сылтауратып, келісімшартқа отырудан бас тартып, төлемақы төлемеуде. Дегенмен, біздің қызметкерлеріміз де қарап қалып жатқан жоқ. Үйлерді аралайды, келісімшартқа отыруға үгіттейді. Төлемақыны да солай жинауға кіріскен.

Биылғы жылға аудан бюджетінен Забурын және Исатай ауылдық округтерінің жайылымдық жерлерін Кобякова-Забурын каналы арқылы суландыруға 3 млн 174 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Бұл сома биылғы жылдың шілдесіне дейін ғана жетеді. Сондықтан қосымша қаржы қарастырмаса, болмайды.

«ҚазСуШар» РМК-ның Атырау филиалының теңгеріміндегі каналдар облыстағы жан-жануарлар (балық, құс, қоян, т.б.) әлемін сақтап, олардың өсіп-өнуіне, жалпы облысымыздың табиғатын қорғауға да (құм көшкінін тоқтатуда) қолайлы жағдай туғызып отырғандықтан табиғат қорғау қорынан қаражат бөлу қажет деп есептейміз. Және ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында мал басын көбейтуге мүмкіндік беру керек. Ол үшін алдағы бес жылға дейін жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыны 100 пайызға жеткізген жөн. Сонда ғана тығырықтан шыға аламыз».

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.