Атырау, 25 сәуір 14:32
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

NCOC мен Eni басшылары ауысты

1 976 просмотра

Пьер ОФФАНПьер ОФФАН1 мамырдан бастап NCOCбасқарушы директоры Пьер ОФФАН өз қызметінен кетеді. Бұл лауазымда ол 2008 жылдан бастап жұмыс істеді. Оның орнына «ЭксонМобил» компаниясының іссапарға жіберілген өкілі Стефан де МАЙЮ келмек.

«Өнім бөлінісі туралы келісім бойынша Солтүстік Каспий операторы 2014 жылдың 1 мамырынан бастап «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының төрағасы әрі басқарушы директоры Пьер Оффан өз қызметінен кетеді деп хабарлайды. Бұл лауазымда ол NCOC қаланған уақыттан бері 2008 жылдан бастап жұмыс істеді, - делінген NCOC баспасөз хабарламасында. – Оффан мырзаның орнына «ЭксонМобил» компаниясының өкілі, халықаралық мұнай-газ жобаларына қатысып, күрделі ұлттық бастамаларға жетекшілік еткен, бірқатар елдерде сан алуан басқарушы қызметтерде жұмыс істеген, отыз жылдан астам еңбек өтілі бар Стефан де Майю тағайындалады».

Бәлкім, Қашағандағы проблемаларға байланысты серіктестер осындай байламға келген болуы керек.

Ал (Солтүстік Каспий жобасы бойынша жеті серіктестің бірі болып табылатын) итальяндық Eni компаниясының жаңа басшысы болып Паоло СКАРОНИДІҢ орнына осы компанияның барлау және өндіру жөніндегі директоры Клаудио ДЕСКАЛЦИ тағайындалды. Бұған қатысты әзірге ресми ақпарат жоқ.

Естеріңізге салсақ, Eni-дің бұрынғы басшысы Паоло Скарони таяу арада қаржылық қылмысы үшін үш жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген еді. Бұл оның алғашқы істі болуы емес («Қашағанды қылмыскер итальяндық пен министр орынтағындағы бизнесмендеріміз құртады»).

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

23 сәуір 2014, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.